Әр аптаның сенбі күні аудан аумағында аудан әкімінің бастамасымен қолға алынған тазалық шарасы өткізілуде. Бүгінгі күн де тазалық жұмыстарымен бастау алды. Өткізіліп жатқан тазалық шарасына аудан әкімі Арман Айдарұлы да белсене қатысып, ағаш көшеттерін отырғызды. Сенбілік жұмыстарына мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, аудан тұрғындары мен еріктілер қатысты. Әр мекеме өзіне жүктелген аумақты қоқыстан тазартып, ағаштардың түптерін ақтады. Сонымен қатар, алдыңғы сенбілікте отырғызылған ағаш көшеттеріне суару жұмыстарын жүргізді. Жалпы тазалық шарасы қала, кент және ауылдық округтер аумағын толық қамтыды. Шараға қатысушылар сенбіліктің маңыздылығын жақсы түсініп, белсенді жұмыс істеді. Сенбілік жұмыстарының басты мақсаты – ауданның көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту. Ескерте кетсек, алдағы уақытта да аудан аумағында сенбілік жұмыстары тұрақты түрде жалғасатын болады. Құрметті аудан тұрғындары сіздерді қоршаған ортаны қорғап, тазалықты сақтауға шақырамыз. Аудан тазалығы бәрімізге ортақ!