Саясат САЙРАМ АУДАНЫНДА «КҮМІС ЖАС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 178 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ Редактор 28.03.2023 13562 1 оқу мин Сайрам ауданында «Күміс жас» жобасына сәйкес, аудандық жұмыспен қамту орталығы тарапынан жылдық жоспар бойынша 180 адамды қамту көзделген. Бүгінгі таңға 178 адам аталған бағдарламаға тартылған. Тарқата айтсақ, жобаға 50 жастан асқан жұмыссыз адамдар қатыса алады және қатысу мерзімі 36 айдан аспайды. Жоба шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдар үшін алғашқы 12 айында жалақы мөлшерінің 70 %-ын құрайды, бірақ 30 АЕК-тен аспайды. Қатысудың 13-ші айынан бастап 24-ші айына дейін жалақы мөлшерінің 65 %-ын құрайды, бірақ 30 АЕК-тен аспайды. Сондай-ақ, жобаға қатысудың 25-ші айынан бастап 36-шы айына дейін жалақы мөлшерінің 60 %-ын құрайды, бірақ 30 АЕК-тен аспайды. «Күміс жас» жобасы аясында зейнеткерлікке шығуға 2 жыл қалған азаматтар уақытша жұмыспен қамтылады. Жобаға қатысушылардың жалақысы жартылай мемлекет тарапынан және жартылай жұмыс беруші тарапынан төленеді. Айта кетсек, жобаға қатысу мерзімі аяқталған соң, жұмыс беруші зейнет жасына жақындаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге тұрақты жұмысқа қабылдауға міндетті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Аида Балаева Санкт-Петербургте өткен Халықаралық біріккен мәдениеттер форумының жұмысына қатысты 1 оқу мин Саясат Аида Балаева Санкт-Петербургте өткен Халықаралық біріккен мәдениеттер форумының жұмысына қатысты 12.09.2025 3883 Америкалық инвесторларға Қазақстанның креативті нарығы таныстырылды 1 оқу мин Саясат Америкалық инвесторларға Қазақстанның креативті нарығы таныстырылды 06.09.2025 11878 «Форсаж» және «Рэмбо» продюсері Шымкенттегі Global Tech Wave Central Asia конференциясына келеді 1 оқу мин Саясат «Форсаж» және «Рэмбо» продюсері Шымкенттегі Global Tech Wave Central Asia конференциясына келеді 05.09.2025 15526