Әлеумет ЖҮЗУДЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ РЕКОРД ОРНАТЫП, 22 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ Редактор 02.04.2023 14152 1 оқу мин Жүзуден Талдықорған қаласында Қазақстан чемпионаты өтті. Оған еліміздің 20 командасы сапында 315 спортшы қатысты. Дүбірлі сында су спорты түрлерінен Түркістан облыстық спорт мектебінің спортшысы София Сподаренко Қазақстанның жаңа рекордын орнатты. Талантты спортшы 7 медаль еншілеп, Фукуокада (Жапония) өтетін әлем чемпионаты мен Ханчжоуда (Қытай) өтетін Азия ойындарына жолдама алды және халықаралық спорт шебері нормативін орындады. Оған қоса баттерфляй әдісімен 50 метр қашықтықты 26,10 секунда жүзіп өтіп, 2012 жылдан бері жаңармаған рекордты орнатты. Түркістандық өрен Аделаида Пчелинцева да сенімді ақтады. Ол 5 медаль олжалап, әлем чемпионатына жолдаманы жеңіп алды. Жақсы нәтижелер көрсетіп жүрген жас спортшысы Дария Тоқтобаева спорттық бағдарламаның әр түрінен 6 медаль олжалады. Ал Алжан Сағадиева мен Дария Василченко қоржынға тағы 4 медаль салды. Чемпионат қорытындысы бойынша су спорты түрлерінен Түркістан облыстық спорт мектебінің өкілдері 22 медаль жеңіп алды, оның 10-ы алтын, 5-і күміс, 7-еуі қола. Спортшыларды сайысқа жүзу спортынан Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Ж.Шалдарбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы А.Смолеев және Қазақстан Республикасының бас бапкері И. Гусаков дайындады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10484 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9212 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 10018