Әлеумет КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ЖАҢА КЕЛБЕТКЕ ЕНЕДІ Редактор 03.04.2023 12653 1 оқу мин Келес ауданының орталығы Абай ауылын дамыту бағытында кешенді шаралар атқарылуда. Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев іске асатын жобалар барысын талқылау мақсатында Абай ауылындағы М.Артықов көшесінің бойын аралады. Әкім кәсіпкерлік нысандардың қасбетін ретке келтіру бойынша жауапты дербес бөлім басшысы мен Абай ауылының әкіміне тиісті тапсырмалар жүктеді. Нақтырақ тоқталсақ, аудан басшысы Абай ауылының шығыс беткейіне заманауи үлгідегі сквер құрылысын жүргізу үшін қажетті шаралар атқаруды, орталық көшелердегі ғимараттардың сыртқы қасбеттерін бірдейлендіру бойынша эскиздерді дайындауды және Араншы каналының бойын абаттандыру бойынша тапсырма берді. Ол тапсырмалардың орындалуын аудан басшысы өз бақылауына алатынын жеткізді. Сондай-ақ аудан әкімі Абай ауылынан өтетін республикалық А-15 автотрассасының бойын жаяу аралап шықты. Қасына аудандық тиісті бөлім басшылары мен Абай ауылының әкімін ерткен аудан басшысы егілген көшеттерді күтіп-баптауда орын алатын кемшіліктер кешірілмейтінін атап өтті. — Өңірімізді көгалдандырып, жасыл желекке айналдыру — басты мақсатымыз. Әрбір егілген ағаш көшеттеріне су құйып, қажетті дәрумендерін беруді тұрақты түрде ұйымдастыру қажет. Бүгін біршама көшеттерді егуде қателіктерге жол берілгенін көрдік. Кемшіліктерді тез арада қалпына келтіру қажет, — деді Жәнібек Есенұлы. Аудан әкімі аралау барысында Абай ауылында орналасқан нысандардың қасбетіне сын айтты. Ретке келтіру бойынша нысан иелерімен кездесіп, келіссөздер жүргізді. Сонымен қатар аудан орталығы іргесінде орналасқан төлқұжат құрылысы көңіл көншітпейтінін жеткізді. Тез арада заман талабына сай төлқұжат тұрғызуды және айналасындағы абаттандыруға ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Ал №5 жалпы орта мектебінің маңындағы саябақты кеңейтіп, демалушыларға жағдай жасау бағытында тиісті жұмыстарды ұйымдастыруды жауаптыларға жүктеді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Білім қызметкердері ІТ платформаларды жетілдіру жолдарын талқылады 1 оқу мин Әлеумет Білім қызметкердері ІТ платформаларды жетілдіру жолдарын талқылады 14.09.2025 1884 Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды 1 оқу мин Әлеумет Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды 13.09.2025 3095 Ата-ана құқығы шектеліп, алимент өндірілді 1 оқу мин Әлеумет Ата-ана құқығы шектеліп, алимент өндірілді 13.09.2025 3512