Әлеумет Футболдан қазығұрттық жасөспірімдер облыс чемпионы атанды Редактор 04.04.2023 11992 1 оқу мин Кентау қаласында футболдан 2010 жылы туған жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті. Аталған облыс чемпионатына қала, аудандардан 12 команда, 200-ден аса спортшы қатысып, бір апта бойы өзара мықтыны анықтады. Жарысты ұйымдастырушылардың айтуынша, негізгі мақсат еліміздегі премьер және бірінші лига командаларына резерв дайындау. Сонымен қатар, облыста жасөспірімдер құрамасын жасақтау. Сайыс барысында Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова мен Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Муслимова жас футболшыларға сәттілік тіледі. Жарыс нәтижесінде жасөспірімдер арасындағы облыстық чемпионатта «Қазығұрт» командасы І орынды иеленіп, Түркістан облысының чемпионы атанды. Ал жүлделі екінші орын кентаулық командаға бұйырса, үшінші орынды созақтықтар иеленді. Жеңімпаздар мен қатысушы командаларға Алғыс хаттар мен естелік сый-сыяпаттар табысталды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6286 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6981 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6592