Әлеумет ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ СЕРВИСТІК ТӘСІЛДЕР ЕНГІЗІЛДІ Редактор 06.04.2023 13609 1 оқу мин Астана қаласындағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бағдарламалар офисінің қолдауымен, республика аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу тетіктері іске қосылуда. Осы мақсатта, 2023 жылдың 18 қаңтарында Төлеби ауданы әкімдігінің жанынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жөніндегі ведомствоаралық топ құрылды. Топтың жарғысы, жұмыс жоспары бекітіле отырып, жұмыстарын бастады. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсіл — бұл азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қылмыспен тиімді күресу және халықтың билік органдарына деген сенімін арттыруға арналған мемлекеттік органдар мен қоғамның тығыз ынтымақтастығын көздейтін ұйымдастыру болып табылады. Аталған топтың жұмысының мақсаты — халық пен жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін нақты аумақтарда құқықтық тәртіп пен заңдылықты сақтау жөніндегі жаңа тәсілдер мен шешімдерді әзірлеуге тарту және қылмыстар мен өзге де құқыққа қайшы әрекеттерді жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша бірлескен шаралар қабылдау. Бүгін аудан көлемінде жасақталған жұмысшы топ мүшелері бекітілген жоспарға сәйкес, халықтың полиция қызметкерлеріне деген сенімділігін анықтау мақсатында Ленгер қаласының тұрғындар арасында сауалнама жүргізіп, жергілікті халықтың полиция қызметкерлеріне деген ой-пікірлері мен көзқарастарын анықтауда. Ведомствоаралық топтың бұл бағыттағы атқаратын жұмысы жалғасын табады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5553 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961