Аудан әкімі Төлеген Телғараевтың халықпен кезекті кездесуі Тасарық ауылдық жалғасын тапты. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес өтіп жатқан кездесулерде әкімдердің халықпен кездесуі – билік пен қоғамның, әсіресе өңірлердегі диалогын орнатуға негізделген кері байланыстың маңызды бағыты екеніне көз жеткіздік. Жаңа өзгерістерге сәйкес, әкімдер кездесу аяқталғаннан кейін азаматтарды жеке қабылдап, жиын барысында көтерілген проблемалы мәселелер жүйеленіп, оларды қаржыландыру үшін мәслихат сессиясына ұсынылуда. Алғашқы кездесуде округ халқы 10 мәселе бойынша сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізген болатын. Аталған мәселелерді шешу бойынша іс-шара жоспары жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде мәселелер оң шешімін табуда, атап айтқанда: 1. «Жарық жол» МКК тарапынан Жамбыл елді мекеніне кіре беріс жерге (мешіт жанында) жол кедергісі орнатылды. 2. Жамбыл елді мекені, Асар, Итемір әулие, Беласар, Алатау, көшелеріне 3 дана трансформатор орнату мен 4,5 шақырымы электр желілерін жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаты жасалып, сараптамасы алынды. 2023 жылы құрылысына 73,8 млн теңге бөлу жөнінде салалық басқармаға бюджеттік өтінім берілді. 204 жылы қаржыландырылған жағдайда жұмыстар жүргізілетін болады. 3. Оңтүстік елді мекені, Ақмола көшесіне асфальт төсеу бойынша 9,90 млн теңгеге сметалық құжаты әзірленіп, қаржы қарау бойынша бюджеттік өтінім берілді. 2024 жылы қаржыландырылып, асфальт төселетін болады. 4. Оңтүстік елді мекені, Ақмола, Саңлақ, Оңтүстік көшелеріне аяқ жол салу бойынша 55,4 млн. теңгеге сметалық құжаты әзірленді. 2024 жылы қаржыландырылып, аяқ жол салынтын болады. 5. Тасарық елді мекені, М.Әуезов көшесіндегі күйіп қалған түнгі жарық шамдары «Жарық жол» мекемесі арқылы наурыз айында ауыстырылды. 6. Тасарық елді мекені Е.Ерназаров көшесіндегі апатты жағдайдағы электр желілері мен бағаналары және тарасформатор Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Төлеби аудандық электр тарату бөлімі тарапынан 2023 жылдың тамыз айына дейін ағымдағы жөндеуден өтеді. Ал, электр жүйелері мен бағаналары 2026 жылы инвест бағдарламасы арқылы толық жаңартылатын болады. 7. Тасарық елді мекені Т.Тоғысбаев, М.Әуезов көшесіне 2 трансформатор орнату мен 9,6 шақырым электр желілерін жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаты жасалып, 12.11.2022 жылы №AExp-0012/22 сараптамадан өткен. 2023 жылы құрылысына 138,9 млн теңге бөлу жөнінде салалық басқармаға бюджеттік өтінім берілді. Электр желілері мен бағаналары «ОЖТ» ЖШС-ның инвест бағдарламасы аясында 2026 жылы толық жаңартылады. 8. Тасарық елді мекеніне «Кселл», «Билайн» абоненттерін ендіру 2023-2024 жылдың жоспарға енгізілген, ал Оңтүстік елді мекеніндегі «Актив» операторының қуаттылығын көтеру мақсатында 2023 жылдың соңына дейін модернизациядан өткізуді жоспарлаған. 9. Ханарық е/м, А.Навои көшесіндегі (мектепке дейін) 3,2 ш.қ электр желісі мен трансформатор «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвест бағдарламасы аясында 2023 жылдың қыркүйек айына дейін жаңартылатын болады. Ал А.Навой (мектептен кейінгі аумағы), Мәуелі, С.Рахимов көшелеріне 6 трансформатор орнату мен 20,3 шақырымына электр желілерін жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып, 12.11.2022 жылы № AExp-0010/22 сараптамасы алынды. 2023 жылға құрылысына 268,2 млн теңге бөлу жөнінде салалық басқармаға бюджеттік өтінім берілді. Қаржыландырылған жағдайда жұмыстар жасалатын болады. 10. Жамбыл елді мекеніндегі Беласар, Асар көшелері «Жарық жол» тарапынан 2023 жылдың қыркүйек айына дейін ағымдағы жөндеуден (ямочные работы) өтетін болады. 2022-2023 жылдар аралығында Ханарық, Оңтүстік елдімекендерінің электр бағаналарын ауыстыру «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС мекемесінің жоспарына сәйкес инвест бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Тасарық ауылдық округіне қарасты елдімекендерде тұрғын үйге жер кезектілігі 1384 адам тіркелген. Бас жоспарға сәйкес Ханарық, Оңтүстік елді мекендерінің жаңа массивтеріне инфрақұрылым (электр желілері мен трансформаторлар, ауыз су) жүйелерін жүргізу үшін бастапқы жобалық сметалық құжатын әзірлеу үшін қаржы қаралып отыр. Ханарық елді мекеніндегі көпірдегі күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарын аяқтау үшін сот үкімі шықты. Қазіргі кезде көпірдің жобасын қайта әзірлеуге (корректировка) жобалау-іздестіру жұмыстары (смета на ПИР) жасалды. Алдағы бюджетті нақтылау кезінде жобалау-сметалық құжатын әзірлеуге қажетті қаржы қаралатын болады. Есепті кездесуге қатысқан аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Хамзаұлы, аудандық мәслихат депутаттары Нұрман Ералиев, Мұхтар Бастықов сайлауалды бағдарламаларында айтылған мақсат-міндеттерді дер кезінде және жүйелі орындау бағытында жұмыс жүргізетіндіктерін айтты. «Халық бізге сенім артып, дауыс берді. Біздің негізгі міндетіміз — сайлауалды уәделерді орындау және сайлаушылардың сенімін ақтау. Елдің әлеуетін көтеруге, әр тұрғынның өмір сүру сапасы мен әл-ауқатының жақсаруы мақсатында еңбек етеміз», деді мәслихат төрағасы Нұрлан Хамзаұлы. Кездесу барысында халық көтерген проблемалы мәселелердің шешілу барысы туралы ақпарат аудан әкімінің ресми сайтына жарияланады. Аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы кездесуде көтерілген сауалдар мен өтініштердің барлығы заң аясында кезең-кезеңімен шешімін табатынын және әр сауал жеке бақылауында болатынын жеткізді.