Әлеумет Кәріз құбырының қақпағын ұрлаған азамат қамауға алынды Редактор 10.04.2023 14221 1 оқу мин Әл-Фараби АПБ-ның «102» арнасына Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол онда, өзінің жеке кәсіпорны бар екенін жазған. Сондай-ақ, аталған темір-терсек өндіретін цехқа бөгде азамат заңсыз кіріп, құны 26 790 (жиырма алты мың жеті жүз тоқсан) теңге тұратын 1 дана кәріз құбырының темірден жасалған қақпағын жасырын түрде ұрлап кеткенін жазып көрсеткен. Аталған жайт ҚК-тің 187-бабының 2-бөлігі бойынша(Ұсақ-түйек жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шараларды қолға алып, жедел іздестіру жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар азаматты қала аумағынан қолға түсірді. Ол Алматы қаласының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған. Тергеу барысында ұсталған азаматтың темірден жасалған қақпақты сатып, түскен қаржыны өз жеке басының пайдасына жұмсап жібергені белгілі болды. Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10566 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9212 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 10018