Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың аудан халқымен кезекті кездесуі Қоғалы ауылдық округінде өтті. Жалпы, аудан басшысының тұрғындармен кездесулерінің күнтүзбесі, облыстық мәслихатпен келісіліп, бекітілді. Әкім кездесуі көрсетілген регламентке сай өтуде. Яғни, аудан басшысы жоспарланған уақыттың төрттен бірден аспайтын бөлігін 2023 жылдың алғашқы үш айында жүзеге асқан жобалармен, алғашқы кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар барысымен таныстыруда. Еркін пікір алмасуға арналған кездесулер “сұрақ-жауап” форматында өтуде. Жарлыққа сәйкес, әкімнің кездесуіне мәслихат депутаттары, ардагерлер, қоғамдық кеңес төрағалары, партия, қоғамдық ұйым өкілдері қатысуда. Қоғалы ауылдық округінде 2023 жылдың алғашқы кездесуінде көтерілген 4 мәселені шешу бойынша іс-шара жоспары жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізілу нәтижесінде 3 мәселе өз шешімін табуда, атап айтқанда: 1. «Науытсай» каналы 2023 жылдың маусым айына дейін тазаланатын болады. 2. Қоғалы ауылдық округі, Диханкөл елді мекені, Алмалы көшесін орта жөндеуден өткізуге 85,0 млн. теңге қаралды. Сметалық құжатта сол көшедегі көпірді жөндеу (труба ауыстырып, асфальт салу) қарастырылған. 3. Ұзынарық елді мекенінде мобильді интернет байланысы «Кселл» операторының 4G мобильді интернеті 2023 жылдың I жарты жылдығында іске қосылатын болады. Қалған 1 мәселені шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ұзынарық мектебінің акт залына орындықтар алу бойынша облыстық басқармаға ұсыныс берілген, қаржыландырылған жағдайда бұл мәселе шешілетін болады. 2023 жылы облыстық маңызы бар КХ-82 «Шымкент-Қасқасу-Көксәйек-Шымкент» автомобиль жолының Диханкөл-Қасқасу-Зертас аралығында орташа жөндеуден жұмыстары жалғасын тауып, жол бойына аяқжол салынып, асфальт төселеді. Сондай-ақ, биылғы жылы «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Диханкөл елді мекенінің 4,2 шақырымды құрайтын Алмалы көшесі орта жөндеуден өтеді. Ұзынарық елді мекенінің Жерұйық көшесі, Алшалы Бірлік көшесін орта жөндеуден өткізуге сметалық құжат әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды. Ұзынарық, Алшалы, Диханкөл елді мекендерінде ауыз су құбырын күрделі жөндеуден өткізу үшін жоба-сметалық құжаттары дайындалып, құрылыс жұмыстарына қаржы қаралды. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС меншігіндегі Бұлақты, Бейбітшілік көшесіндегі тозығы жеткен электр жүйесі мен бағаналары мекеменің инвест жобасы аясында ауыстырылады. 2023 жылы Диханкөл елді мекенінің орталық жолына аяқжол салу жоспарлануда. Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Хамзаұлы, халық қалаулыларымен бірге қатысып, 72 пайызы жаңартылған депутаттық корпусты таныстырды. Мәслихат құрылымы мен атқаратын қызметі жөнінде әңгімелеп, сайлауалды бағдарламада көрсетілген пункттер бойынша жүзеге асатын жобаларды атқарушы билікпен бірлесе жүзеге асыруға атсалысатынын айтты. Кездесу барысында аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін назарға алып, көтерілген мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндіріп өтті.