Әлеумет Құрылыс жұмыстарын 1,5 ай көлемінде аяқтау жоспарлануда Редактор 15.04.2023 11136 1 оқу мин Халық үшін сапалы ауыз суға қолжетімділіктің маңызы өте зор. Осыны сезінген Үкімет ел тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бар күшін салып отыр. Осы тарапта су ресурстарын дамыту басты назарда тұр. Шалғай елді мекендерге су желілерін тартып, ел тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтуға бағытталған түрлі бағдарламалар бүгінде еліміздің оңтүстік өңірлерінде қарқынды түрде жүргізілуде. Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданының тұрғындары Темірлан елді мекеніне қарасты «ПМК» мөлтек ауданының тұрғындары ауыз су мәселесі бойынша облыс басшысына өтініш білдірген болатын. Қазіргі таңда көтерілген мәселе бойынша «Таза су» мекемесі тарапынан аталған мөлтек ауданның шекарасына кейіннен қосылған бес көше, яғни 100-ден астам үйге ауыз су құбырын тарту жұмыстары басталды. Ауыз су жүйесінің жалпы ұзындығы 2 377 метрді құрайды. Жұмыстар үш кезеңмен жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын 1,5 ай көлемінде аяқтау жоспарлануда. Осы орайда, Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылап, тұрғындармен кездесті. Аудан басшысы бұдан бөлек, аталған мөлтек ауданда жол салу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар екенін жеткізді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10566 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9282 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 10018