Кентау қаласы Елбасымыздың бір салалы шағын қалаларды дамыту бағдарламасына енгізілгеннен кейін көптеген жұмыстар жандана бастады. Шағын қала бүгінде жаңа кейіпке еніп, өрлеу үстінде. Мәдениет саласында 1 қалалық мәдениет үйі мен 4 ауылдық клуб, 1 қалалық орталық және 1 қалалық балалар, 4 ауылдық кітапхана, 3 қалалық кітапхана-филиалы, жалпы 14 мәдениет ошағы халыққа қызмет көрсетеді. Жыл басынан жалпы саны мәдени 431 іс-шара (оның ішінде мәдениет сарайы және ауыл клубтары бойынша 156, кітапханалар бойынша 275 іс-шара) ұйымдастырылып, оған 80,0 мыңға жуық адам қамтылды. Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде Ащысай ауыл клубын ағымдағы жөндеуге – 36,2 млн. теңге, Байылдыр ауыл клубын ағымдағы жөндеуге – 6,8 млн. теңге, Хантағы ауыл клубын ағымдағы жөндеуге – 11,4 млн. теңге, орталық кітапхана ғимаратын ағымдағы жөндеуге 15,9 млн. теңге, «Дружба» кинотеатры ғимаратын күрделі жөндеуге – 25,2 млн. теңге қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Кентау қаласының «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің экоағарту және туризм бөлімінің көрсететін қызметтері үшін 2016 жылдың 6 айында 82 адамға туризм бойынша қызмет көрсетілген. Кентау қалалық музейіне 2016 жылдың 6 айында келушілер саны 4468 адамға қызмет көрсетілген. Қазіргі таңда 1 туристік бағыт дайындалған. Бұл маршрутта «Хантағы Кемпіртас»; ғылыми танымдық кешені «Қаратау табиғаты», Ханның тағы, Жасарбұлақ, Күлжабай сайы, Тастың бауы, Кемпіртас экскурсиялық соқпақты тамашалай алады.