Түркістан облысына қарасты Созақ ауданы мал шаруашылығымен айналысуға нағыз қолайлы аймақ. Бүгінде ауданда дәл осы кәсіп түрін нәсібіне айналдырып отырғандар көпшіліктің басым бөлігін құрайды. Бүгінде ауданда ұсақ мал, ірі қара, түйе өсіріп, кәсібін өрістетіп отырғандар аудан экономикасын көтеруге көптеп көмек қолын созуда. Мемлекет тарапынан шаруа қожалықтарын қолдауға көрсетіліп жатқан көмектер туралы арнайы топ жасақталып ауданда түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жуырда ғана арнайы топ Созақ, Сызған, Қаратау, Қарақұр ауылдық округтерінде кәсіпкерлер мен шаруа қожалық төрағаларымен кездесті. Жиын барысында игерілмей жатқан жайылымдық, егіндік жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан берілетін субсидия, несиелендіру туралы кеңінен насихатталды. Ауыл шаруашылығы тауары өндірушілерге көктемгі дала жұмыстарына керекті төмендетілген бағадағы дизель отыны жайында түсіндірілді. Созак ауылындағы «Теріскей» жанармай құю бекетінде, Шолаққорған ауылындағы «AQNIET 2» жанармай құю бекетінде 205 теңгеден сатылуда.