Түркістан облысына қарасты Келес ауданында өткен жылдың қорытындысымен өткізілген тауар көлемі 7,5 млрд.теңге, өсім 102,0% құрады Өткен жылдың қорытындысымен тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 10453 бірлік іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 10307 бірлік, 124,1%(2021 жылдың 12 айының қорытындысымен тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 8130 бірлік іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 8095 бірлік, 100,4%). «Ауыл аманаты» пилоттық жобасына 4 ауылдық округі енгізілді. Атап айтқанда: Қошқарата а/о 1 кооператив ұсыныс білдіріп өсімдік шаруашылығы саласын дамытуды жоспарлап отыр. (Несие алуға 73 азамат ниет білдірген), Ошақты а/о 1 кооператив мал бордақылау алаңдарын ашуды жоспарлауда. (Несие алуға 120 азамат ниет білдерген, Ақтөбе а/о 2 кооператив сүт өнімдерін өндіру және балық шаруашылығын дамытуды жоспарлауда. (Бүгінгі күнге несие алуға 87 азамат құжаттарын дайындауда) Біртілек а/о 1 кооператив жылыжай кешенін салу және жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін өндіру, қайта өңдеу бағытын таңдаған. (Бүгінгі күнге несие алуға 120 азамат құжаттарын дайындауда) «Ауыл — Аманаты» пилоттық жобасы бойынша қатысушылар саны күн сайын ұлғаюда. 2022-2025 жылдары жалпы құны 44,3 млрд.теңгені құрайтын 8 жоба іске асырып,1175 адамға жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Атап айтқанда:«Нұрболат» ӨК Жалпы жоба құны 3,0 млрд.тг болатын 5 нысан «Азия Мед» медициналық орталығының құрылысы 2023-2025 жылдары іске асырылып, 200 жаңа жұмыс орнынашу жоспарланған. Олар:Абай ауылы Қонаев көшесі № 20 үйден «Азия Мед» медициналық орталығының құрылысы аяқталып, 2023 жылы іске қосылды. Біртілек ауылдық округі аумағынан 17х9 көлемінде 1 қабатты ғимарат құрылысы жүргізілуде.Ошақты ауылдық округі аумағынан 28х14 көлемінде 2 қабатты ғимарат құрылысы жүргізілуде.Ұшқын ауылдық округі аумағынан 28х14 көлемінде 1 қабатты ғимарат құрылысы жүргізілуде.Абай ауылы аумағынан 5-блогтан тұратын орталық аурухананың құрылысы жүргізілуде. «Эмир-Дэмир» ЖШС Біртілек а/о аумағынан жалпы құны 300,0 млн.теңгені құрайтын 30 гектар иновациялық жылыжай кешенінің құрылысы. Ашылатын жұмыс орны 75 адам. Іске асыру мерзімі 2024-2025 жыл. «Умитай» шаруа қожалығы Қошқарата а/о аумағынан жалпы құны 450,0 млн.теңгені құрайтын 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңы және ет өнімдерін өңдіру цехының құрылысы. Жұмысшылар саны 8 адам. Іске асыру мерзімі 2023-2024 жыл. ЖК «Ағайындылар» Абай ауылы аумағынан жалпы құны 200,0 млн.теңгені құрайтын сыйымдылығы 10 орындық қонақ үй кешені құрылысы. Жобаны 2024 жылы іске қосып, 15 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарланған. «Saryagash Alpamys» ЖШС Алпамыс батыр а/о аумағынан жалпы құны 610,0 млн.теңгені құрайтын минералды су өнімдерін өндіретін зауыттың құрылысы. Жобыны 2024 жылы іске қосып, 47 адам тұрақты жұмыспен қамту жоспарланған.Зауыттың жылына өндіру қуаттылығы 5,9 млн.литр. «Сарыагаш-QZ» ЖШС Ақтөбе а/о аумағынан жалпы құны 120,0 млн.теңгені құрайтын «Ет өңдеу және шұжық өнімдерін өндіру» зауытының құрылысы. Жобаны 2024 жылы іске қосып, 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, тәулігіне 12,5 тонна ет өнімдерін өңдеу жоспарланған. «UBS KZ» ЖШС және «UBS Solar» ЖШС Ақтөбе а/о аумағынан жалпы құны 5,6 млрд.теңгені құрайтын 50,0 гектар жер учаскесіне қуаттылығы сағатына 20 мВт электр қуатын күн сәулесінен өндіретін электрстанциясының құрылысын жүргізіп, 15 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Іске асыру мерзімі 2023-2024 жыл. «ECOCULTURE-EURASIA»ЖШС» 2023-2024 жылдары аралығында жалпы құны 35,0 млрд.теңгені құрайтын 51 га жер учаскесіне жылыжай кешенін салып, 700 адамды жұмыспен қамту жоспарлаған.