Түркістан облысына қарасты Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында ауданның апталық жиналысы болып өтті. Мәжілісті аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев ашып, жүргізіп отырды. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты. Мәжілістің күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Атап өтсек, тазалық және көгалдандыру жұмыстарының барысы туралы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Самат Рысбеков, ауыл шаруашылығын дамыту және инвестиция көлемін арттыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Сұлтанғали Шакиров баяндама жасады. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Самат Рысбековтың мәлімдеуінше ағымдағы жылдың 27 сәуірінде аудан әкімімен «Түркістан-Кентау» бағытындағы автомобиль жолының бойына және «Түркістан-Шорнақ» магистаралды автомобиль жолдарының бойына тазалық жұмыстарын жүргізуге іс-шара жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес, «Түркістан-Кентау» бағыты бойынша Иассы ауылдық окургі аумағынан резиденция бұрылысына дейін 12,7 шақырым жолды 8 ауылдық округтерге (Иассы, Жаңа Иқан, Жүйнек, Шаға, Оранғай, Қарашық, Ескі Иқан, Үшқайық ауылдық округтері) бекітіліп, қазіргі таңда барлық аумақтар жол жиегіндегі ретсіз шыққан шөптер шабылып, жаяу жүргіншілер жолының бордюрлері мен талдар ақталғанын мәлім етті. Сонымен қатар, әрбір ауылдық округтердің атқарған жұмыстарына тоқталып, бөлім тарапынан бірқатар ұсыныстарын білдірді. Ауыл округ әкімдіктері 29 мамыр мен 2 маусым аралығында өздеріне тиісті аумақтарды ақылы қоғам негізінде алынған қызметкерлерді тарта отырып, бекітілген орындарды реттеп, үй қасбеттерін бояуды және көрсетілген кемшіліктерді жойып толыққанды бітіруді ұсынды. Бұдан бөлек, ауыл округ әкімдері жұмысшыларға қасбеттерді сырлау бояу жұмыстарына қажетті барлық құрал жабдықтармен, тиісті материалдармен (краска, щетка т.б) толыққанды қамтамасыз ету, «Сауран Қызмет» КММ жол жиегіндегі ретсіз және қураған ағаштарды қырқу жұмыстарын жалғастыруын жеткізді. Мәжілістің күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Сұлтанғали Шакировтың хабарлауынша аудан көлемінде инвестиция көлемін арттыру бағытында жоспарға сәйкес, 2023 жылға негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 30,1 млрд теңге болып бекітіліп, нысаналы индикаторлар белгіленген. 2023 жылдың қаңтар-сәуір айына аталған жоспар 218,5 пайызға немесе 7 млрд 841,2 млн теңгеге орындалғанын атап өтті. Мәжілісті қорытындылыған аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуы бақылауда болатынын жеткізді.