Түркістан облысындағы Бөржар су жинақтағышында тазалық шараларына орай санитарлық жұмыстар жүргізіліп отырады. Су ресурстарын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасы ғана. Жуырда ғана Бөржар су жинақтағышына кезекті рет хлорелла құйылды. Бұл жұмыс жағымсыз иісті болдырмау мақсатындағы жүргізіледі. Аталған шараның алғашқы кезеңі былтырғы жылы желтоқсан айында өткен еді. Бүгінгі таңда Петропавлдан келген мамандар ағынды су тазарту құрылғылары кешенінің бастапқы тұндырғыштарында далалық сынақтар өткізіп жатыр. Бөржар су жинақтағышына хлорелла штаммының кезекті партиясы төгілді. Пайдалы микроорганизмдердің алғашқы бөлігі желтоқсан айында құйылған. Қазіргі ауа-райы хлорелланың жергілікті климатқа тез бейімделуіне ыңғайлы болғандықтан Петропавл су зерттеу ғылыми-техникалық орталығының мамандары жұмысқа кірісіп те кетті. «Хлорелланың пайдасы өте көп. Ол ең алдымен, кез-келген өсімдік сияқты, суға түсіп, нитриттер мен нитраттарды, шіріген органикалық заттарды белсенді сіңіре алады және көп мөлшерде оттегіні бөледі. Көмірқышқыл газын жақсы сіңіреді. Бірнеше ұтымды тұстары бар – көп мөлшерде бөлінетін оттегі, суды сүзетін және оны өзіне тартатын көптеген микроорганизмдерді қоздырады. Олар кішкентай болып көрінгенімен, су қоймасын тәулігіне екі рет өткізуге қауқары жетеді», — дейді Петропавл су зерттеу ғылыми-техникалық орталығының әкімшісі Александр Рейбанд, Су зерттеу жөніндегі ғылыми-техникалық орталық мамандары бүгінде ел аумағындағы барлық сала мамандарымен тәжірибе алмасып тұрады. Ол үшін арнайы семинарлар, іс сапаралар ұйымдастырылып тұрады. Жуырда Су зерттеу жөніндегі ғылыми-техникалық орталық мамандары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС басшылығының тапсырысымен бірқатар зерттеу жүргізген болатын. Басты мақсат – жағымсыз иісті болдырмау үшін хлорелла штаммын қолдану болатын. Қазір Петропавл кәсіпорнының өкілдері қаладағы ағынды су тазарту құрылғылары кешенінің бастапқы тұндырғыштарында далалық сынақтарды жүргізіп жатыр. Су зерттеу ғылыми-техникалық орталығының мамандары Хлорелланы енгізудің тиімділігін айтып отыр. Ол белсенді түрде белгілі бір процестерді бастайды. Бұл өзі бірнеше кезеңдерден тұратын процесс. Нәтижесінде, жағымсыз иіс шықпайды. Ең маңыздысы – бұл химия емес, биологиялық процесс. Яғни, табиғатқа зияны жоқ. Алдын-ала зертханалық жағдайда барлығын тексеріп, нәтижелі болатынына көз жеткізген. Енді осылай тұндырғыштарда пайдаланамыз дейді мамандар. Су қоймасы үшін аса пайдалы процесс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Су қоймасына хлорелла суспензиясын құю – ғылыми-зерттеу орталығы жұмысының соңғы кезеңі. Жағымсыз иісті болдырмау үшін жасалып жатқан жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Жақын арада «дымқыл тосқауыл» жүйесін кеңінен енгізумен айналысатын арнайы мамандар келеді. Бұл жүйе де жағымсыз иістің таралуына тосқауыл болады. Осылайша алдын алу шаралары жүргізілуде. Бұл айнала қоршаған орта үшін де өте тиімді.