Экономика Су ұңғымасын 600 метр тереңдікке жеткізіп, су шығарды Редактор 12.06.2023 13742 1 оқу мин Су ресурстарын дамыту бүгінде басты назарда тұр. Егістікке арналған ағын су мен таза ауыз су мәселесі де күн тәртібінде. Жер асты суларын зерттеу жыл сайын жүргізіледі. Осы тұрғыда ауылдарды ауыз сумен қамту бірінші кезекте орындалады. Түркістан облысына қарасты Сауран ауданындағы Құмтиін елді мекеніне 2011 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы аясынды орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген болатын. Қазіргі таңға, елді мекенге таңғы сағат 6:00-ден 12:00-ге дейін және 18:00-ден 23:00-ге дейін тәулігіне 11 сағат ауыз су берілуде. 2020 жылы Кентау қаласы әкімдігі тарапынан Құмтүйін елді мекенінің су ұңғымасының су қорының дебеті аз болуына орай қосымша ұңғыма қазуды қажет етіліп, ұңғыма қазу жұмыстары 08.12.2020 жылғы №151 келісім шарт негізінде «БеМир-Құрылыс» ЖШС-нің тарапынан жүргізілді. Сметалық құжаттамаға сәйкес қазылған 450 м тереңдіктен су дебетінің аз болып, су шықпауына байланысты, келісім шарт мерзімі ұзартылып, бүгінгі таңға дейін жұмыстар қабылданбаған. Қазіргі таңда, су ұңғымасын 600 метр тереңдікке жеткізіп, су шығарды. Кентау қаласы әкімдігі тарапынан нысанды пайдалануға қабылдау ағымдағы жылы тамыз айына жоспарланған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 35876 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 54078 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 67124