Әлеумет ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ Редактор 22.08.2023 12989 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Келес ауданында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағадарламалар бөлімінің жанынан Әлеуметтік психологиялық сүйеумелдеу бөлімшесі іске қосылған болатын. Бөлімшеде заңгер, психологтар мен қатар әлеуметтік қызметкерлер аудан тұрғындарына сүйемелдеу қызметтерін көрсетеді. Аталған қолдау орталығының жұмыс барысымен Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, Асия Темірбаева арнайы танысып, жауапты мамандарға бірқатар ұсыныстарын жеткізді. — Бұл орталықтың жұмысымен жіті таныспын. Қолдау орталығы бүгінгі таңда отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасыларға құқықтық, психологиялық тұрғыда және әлеуметтік көмек көрсету бойынша түрлі жұмыстар атқарып келеді. Мәліметтерге сәйкес жыл басынан бері орталықтың қызметіне 128 азамат жүгінген. Алдағы уақытта «Отбасын қолдау орталығы» бағдарламасына сәйкес аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында “Қамқорлық” және “Бақытты отбасы” бағдарламалары біріктіріліп аудан тұрғындарына қызмет көрсету орталығын ашу жоспарлануда, — деді басқарма басшысы. Сонымен қатар жаңа орталық, отбасындағы орын алып жатқан ұрыс-керістің алдын-алу, шаңырақ ынтымағын сақтау сондай-ақ түрлі жағдайда, қиындыққа ұшыраған отбасыларға қол ұшын созу мақсатында бой көтереді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10566 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9282 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 10018