Әлеумет «Әжемді сағындым»: Шымкент полицейлері жоғалған баланы тауып, анасына қайтарды Редактор 06.09.2023 14374 1 оқу мин 10 жасар бала күндіз аулада серуендеу үшін үйінен шығып қайта оралмаған. Бірнеше сағаттан кейін анасы дабыл қағып, ұлын достары мен көршілерінен сұрастыра бастаған. Өз бетінше жүргізген іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң, әйел түнде полициядан көмек сұрады. Жоғалған жеткіншектің жүрген жерін анықтауға Тұран АПБ-ның барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары мекен-жайға жақын орналасқан жасөспірімдердің жиі болатын жерлерін, саябақтарды, ойын алаңдарын, сауда нүктелерін тексеріп, сыртқы бейнекамералардың жазбаларын қарады. Іздеу жұмыстары жарты күнге созылды. Нәтижесінде, баланың тұрғылықты жерінен 10 км қашықтықта қаланың шетіндегі әжесінің үйіне жаяу жеткені анықталды. Жасөспірім анасына аман-есен қайтарылды. Ол өз әрекетін әжесін қатты сағынуымен түсіндірді. Өз кезегінде баланың анасы полиция қызметкерлеріне адал қызметі үшін шынайы алғысын білдірді. Осыған байланысты Шымкент қаласы ПД-нің қызметкерлері ата-аналарға: балалардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғаларға жол бермеу үшін олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, қараусыз қалдырмауды және бос уақытында немен айналысатынын мұқият қадағалауды ескертеді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ОҚУҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ: ЖАҢА БАҒДАРЛАМАЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР КӨБЕЙДІ 1 оқу мин Әлеумет МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ОҚУҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ: ЖАҢА БАҒДАРЛАМАЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР КӨБЕЙДІ 09.04.2026 4434 Halyk қайырымдылық қоры қасиетті кесенеге жөндеу жұмыстарын жүргізуде 1 оқу мин Әлеумет Halyk қайырымдылық қоры қасиетті кесенеге жөндеу жұмыстарын жүргізуде 08.04.2026 6036 ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ 02.04.2026 6250