Расында ұл бала тәрбиесі бүкіл ұлттың уысында болуы тиіс. Өйткені ұл болашақ әке, Отан қорғаушы, отбасының егесі. Сондықтан да білім ошақтарында ұл балалардың тәрбиесінің іргетасын нықтау жұмыстары жүргізілуде. Жуырда Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданы білім бөліміне қарасты №11 «Манкент» жалпы орта мектебі 7-11 сынып ұл балалары арасында жиналыс болып өтті. Жиналысқа мектеп директоры М.Убайдуллаева және мектептің ДТІЖО С.Раимбердиев, мектеп психологы А.Сайдазимов, мектеп ұлдар комитетінің төрағасы Б.Қулахметов, мектеп ҚББП А.Артиков, КТІЖБ инспекторлары полиция майоры Ш. Саипов, аға лейтенант Б.Ақберди қатысты. Күн тәртібінде төмендегі мәселелер талқыланды. Құқықбұзушылықтың алдын алу, буллинг , кибербуллинг зорлық зомбылықтың алдын алу, мектеп формасы, оқушылардың сабаққа қатысуы , темекі, спирттік ішімдіктер мен есірткі заттарды пайдаланудың зияны. Деструктівті діни ағымдардан сақтану, интернеттен келетін қауып қатерлерден сақтану, аутодеструктивти мінез құлықтың алдын алу туралы мәселелер талқыланды.