Түркістан облыстық әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың тапсырмасымен, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен, Мақтаарал аудандық кітапханасы, Мақтаарал аудандық әкімдігінің ғимаратының бірінші қабатынан жылжымалы кітапхана пункті ашылды. Бастаманың мақсаты — билік пен халық арасындағы байланысқа руханият арқылы дәнекер болу, мемлекеттік қызметшілердің кітапхана қорындағы кітаптарға қолжетімділігін арттыру болып табылады. Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары А. Күнтуқызы, аудан әкімінің баспасөз хатшысы Д. Аязбеков, әкімшілік және жалпы бөлім басшысы М. Байымбетов, кадр бөлімінің басшысы С.Досымов, ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің бас инспекторы Б.Зейілбеков, ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Д.Жунисовтер қатысты. Кітапхана пунктіне түрлі бағыттағы, атап айтқанда тарихи, көркем әдеби, экономикалық, мотивациялық т.б. жалпы 500 дана кітап және мерзімді басылымдар беріліп, әкімдік қызметкерлері оқырман ретінде тіркеліп кітаптар алды.