Әлеумет Кітапханашылар слеті өтті Редактор 06.10.2023 16172 1 оқу мин Бүгін Түркістан облысына қарасты Сауран ауданында «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Ақпараттық мәдениет – кітапханашы, оқырман, кітап» атты Түркістан облыстық кітапханашылар слеті өтті. Шараға Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының Тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау бөлімінің маманы Нұрдәулет Сұлтанбек, «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова және 17 аудан-қаладағы кітапхана делегациялары қатысты. Шараның ашылуында басқарма өкілі Нұрдәулет Келдібекұлы слеттің маңызына тоқталып өтті. Облыстық кітапхана басшысы Жанат Шардарбекова аталмыш шараға модератор болып, жалпы облыс кітапханалары туралы, сонымен қатар ондағы күрделі мәселелер мен даму жағдайы туралы атап өтті. Сондай-ақ кітапханашының қоғамдағы орны мен беделіне тоқталды. Шара барысында түрлі тақырыпта аудан-қаладан келген өкілдері баяндама жасап, атқарылған жұмыстар тыңдалды. Сонымен қатар алдағы жоспарлар таныстырылды. Келелі мәселелер қозғалып, ұсыныстар берілді. Кітапхана басшысы негізгі жиыннан соң бірқатар кітапханашыларға алғыс хат табыстады. Шарадан соң слетқа қатысушыларға Укаша ата кесенесіне зиярат ұйымдастырылып, ас берілді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қарсы бағытқа шыққан жүргізушілерді дрон аямайды 1 оқу мин Әлеумет Қарсы бағытқа шыққан жүргізушілерді дрон аямайды 17.05.2026 8141 Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 13.05.2026 15000 Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 13.05.2026 9964