Түркістан облысы Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты «№35 Болашақ жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023ж 6 шы қазан күні апталықты қорытындылап, ағылшын тілі пән бірлестік жетекшісі Назипа Сундетова 10 «А», «Ә», «Б» сыныптары арасында «Poliglot» сыныптан тыс сайыс сабақ өтті. Аталмыш сабақтың мақсаты -оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, үш тілде еркін сөйлеуге дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, зейінді болуға тәрбиелеу болып табылады. Бұдан бөлек, Түркістан облысы Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты «N35 Болашақ жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023ж 6 шы қазан күні 7″Ә» сыныбына ағылшын тілі пән мұғалімі Меруерт Ахметова «Everyday objects » тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты: Жаңа сөздерді күнделікті қолдана отырып, сөздік қорын молайту. Оқушылардан сұрақ жауап алу арқылы сөйлеу қабілеттерін дамыта отырып, есте сақтап өмірде қолдана білу. Түркістан облысы Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты «N35 Болашақ жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023ж 6 шы қазан күні 9″Б» сыныбына ағылшын тілі пән мұғалімі Аяулым Ыдырысова «Modal verbs» тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты: Оқушыларға модаль етістіктерінің қолданылуын түсіндіру және сөздік қорларын молайту, білімдерін жетілдіру. Оқушылардың оқу, жазу, сөйлеу қабілеттерін арттыра отырып, көптілділікке баулу. Ағылшын апталығы қарсаңында 6 қазан күні “Who knows English well?” атты 9 сынып оқушыларымен сайыс сабақ өткізілді. Сайыс сабақты өткізген Юсупова.А өте жоғары дәрежеде өткізілді деген баға алып, ұстаздарымыздан кеңес алды. Апталық барысында оқушыларымыз және ұстаздарымыз көптеген ақпараттар ала алады. Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты «№49 Ж. Нұрлыбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағылшын тілі апталығында жоспарға сәйкестендіру 2023 жылдың 05 қазан күні ағылшын тілі пәні мұғалімі Н.Шалатаева «Countries and nationalities» атты тақырыпта ашық сабақ өтті. Мақсаты: ағылшын тілі пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру.Оқушылар белсене қатысты. Тақырыпты әртүрлі әдіс-тәсілдермен аша білді.