Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданының білім бөлімінің № 230-01/01-51/3771 шығыс хаты, облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының №45 санды хатына сәйкес мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қабілеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында «№ 25 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Дублер күнін» өткізу туралы педагогтер,қамқоршылық кеңес мүшелері және мектеп парламенті арасынан бастамашыл топты құру туралы бұйрық шығарылып,іс –шара жоспары жасалынып бекітілді. Ұстаздар күніне орай 2023 жылдың 6- қазан күні жоспарға сай «ДУБЛЕР КҮНІ», яғни білім алушылардың өзін-өзі басқару күні өтті. Тәңертеңнен бастап, мектепте ерекше атмосфера орнады, қыздар сәнді киініп, ұлдар костюмде галстук тағып осы күнді қызықты да, мазмұнды жетіп көрсетуге тырысты. Күн мұғалімдерді күтіп алудан және құттықтаудан басталды. Ұстаздар қауымын құттықтау үшін орта буын сыныптарынан құрылған «оқушылар коридоры» құрылды. «ДУБЛЕР КҮНІН» өткізу мақсатында мектепте мектеп парламенті, парламент президенті мен фракция мүшелері жоспар бойынша алдын ала өзін-өзі басқару күнін өткізу ережесі, мақсаты мен міндеттері, өткізу форматы мен тәртібі айқындалды. Мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің рөліне үміткер мектеп парламенті мүшелері Президенті, 8-10 сынып оқушылары ұсынылып,қызметкерлердің рөлін,міндеттерін ұсынылған оқушылар атқарып, сабақтарын өтті.Дублер күнінің нәтижелері бойынша мектеп оқушыларының жиыны өткізіліп, Дублер күні қорытындыланды.