Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданының білім бөлімі мен Тілдерді оқыту және дамыту орталығының бірлескен жоспарына сәйкес химия, биология, физика және информатика пәндеріне ағылшын тілін кіріктіріп өтетін пән мұғалімдерінің арасында «Тіл шебері» байқауы өтті. Байқауда пән мұғалімдерінің тілдерді меңгеру деңгейі, үш тілдегі орфоэпиялық нормалардың дұрыс дыбысталуы және оқу процесінде қолдану шеберлігі сарапталды. Байқаудың шарты бойынша пән мұғалімдері қазақ, орыс және ағылшын тілінде тапсырмаларды орындады. Мектепте қазақ тілін оқыту барысында орыс тілі, ағылшын тілі пәндерін біріктіре білу мұғалімнің шеберлігіне байланысты жүргізіледі. Бағдарламаға сай үш пәнді біріктіре отырып, пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Алайда дәстүрлі оқытуда тек аударма жасатумен ғана шектеліп отырсақ, қазіргі оқыту әдіснамасында түрлі шығармашылық бағыттағы тапсырмалар бере отырып, оқушы-субьектінің ізденісіне, жеке тұлғаның әрекетін дамытуды мақсат етудеміз. Қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы әртүрлі сала мамандарынан құрылды. Ұстаздарымыз өз тілін ардақтай отырып, заман талабы тудырып отырған үш тілде еркін сөйлеп, әлемнің кез-келген жерімен еркін байланысқа түсіп жатса еліміздің ертеңінің көркейе түсері сөзсіз. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз ұстаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Үштілде еркін сөйлеу дағдысын көрсете білген М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін мектептің информатика пәнінің мұғалімі Сапаршаева Лаззат ең жоғары ұпай жинап,жеңімпаз атанды, Түркістан қаласында өтетін облыстық кезеңге жолдама алды.