Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты «Н.Оңдасынов атындағы №14 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5 қазан-Ұстаздар күніне орай “Ұстаздар жолы-ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!” тақырыбында мектебіміздың ардагер ұстаздарымен кездесу салтанатты жиын өтті. Кездесу барысында мектебіміздің директоры Сапаркул Тұрлыбекқызы сөз алып келген ардагер ұстаздарды мерекемен құттықтап. Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған, Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған. Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар, Өздеріңнен бастау алар бар арман. Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізінен ерген жас ұрпаққа ізеттілігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ардагерлеріміздің орны ерекше. Ісім оңсын десеңіз, Сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз, Көпшіліктің адамы болыңыз, — деп Әл-Фараби атамыз айтқандай, өз істерінің маманы бола білген бүгінгі ардагерлер, олардың өткен еңбек жолы қазіргі ұрпақ үшін үлгі өнеге екенін атап өтіп, ардагерлерге денсаулық тілеп алғысын білдірді. Өнерлі оқушыларымыз өз өнерлерін ортаға салып, қонақтарымыздың көңіл-күйлерін бір көтеріп тастады. Кездесуге қатысқан ардагер ұстаздарымыз еңбек жолдарынан естеліктер айтып, барша мектеп ұстаздарын төл мерекемен құттықтап, қиындығы мол білім саласындағы игі жұмыстарына сәттілік тіледі.