Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданындағы жалпы орта мектептерде ұстаздар қауымы сабақтарын түрліше жаңартып, қызықты етіп өткізуге барын салуда. Әсіресе информатика пәні мұғалімдерінің асығы алшы. Жуырда Жетісай ауданындағы №39 «Асықата» жалпы білім беретін мектепте жоспарлы түрде мектеп директорымен бекітілген «Білім — адам баласының ортақ қазынасы» атты информатика апталығы қазан айының 2-6 күндері болып өтті. Апталықта түрлі іс-шаралар мен ашық, сайыс сабақтары өткізілді. Қорытындылай келе мектепішілік жүргізілген «Ең үздік» қабырға газеттерін анықтау үшін жүргізілген дауыс беру іс-шарасы аяқталды. Жәшік ішіндегі дауыстарды санап I-орын 10 «а» сынып оқушылары «Майысқақ экран», II-орын 7 «б» сынып оқушылары «Болашақ көліктер» , III-орын «Роботтардың түрлері» тақырыбында аталған орындарға ие болды. Сонымен бірге ең белсенді әрі ең кішкентай дауыс берушілер анықталып марапатталды. Бұдан бөлек, №39 «Асықата» жалпы білім беретін мектебінің информатика пән мұғалімі: Б.Налибаев жас маман 6 «В» сыныбымен «Информатика әлеміне саяхат» атты сыныптан тыс сайыс сабақ өткізді. Сабақты ойын элементтерімен толықтырған. Бұл оқушыларға өте қызықты болды. Оқушылар топтық сайыста шапшаң жұмыс жүргізді. Әр бір дұрыс орындалған кезең сыйлықтармен марапатталып отырды. Қорыта айтқанда сабақ қызы әрі тартымды өтті. №39 «Асықата» жалпы білім беретін мектебінің информатика пән мұғалімі: жоспар бойынша бекітілген ашық сабағын 9 «б» сыныбымен «Компьютер конфигурациясы» тақырыбында өткізді. Сабақта түрлі интербелсенді әдістер қолданылды. Бұл олардың тақырыпты оңай әрі жеңіл меңгеруіне өз ықпалын тигізді. Б.Нұршатаев оқушыларды әр тапсырмада ынталандыру сыйлықтарымен марапаттап отырды. Қорыта айтқанда сабақ қызықты өтті. Бұдан кейін, Жетісай ауданы білім бөлімінің «І. Есенберлин атындағы №54 ЖББМ» КММ-де будлер күні өтті. Білім ұясында ізгіліктендіру мен жариялылықтың жүзеге асқандығының нәтижелі белгісі, әрі шәкірттердің асыға күтетін күні ол «Өзін-өзі басқару күні». Мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында мұғалімдер күніне орай 2023 жылдың 5 қазан күні мектепте «Дублер күні» өтті. Жоспар бойынша алдын ала өзін-өзі басқару күнін өткізу ережесі, мақсаты мен міндеттері, өткізу форматы мен тәртібі айқындалды. Мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің қызметін 9-10 сыныптар оқушылары атқарды. Оқушылар ұстаздық жолдың қызығы мен қиындығын қатар сезініп, алған әсерлерімен бөлісті. Дублер күнінің соңында мектеп әкімшілігінің мүшелері жиналыс өткізіп, жұмыстарды талдап, қорытындылады.