Бүгінде ұстаздар оқушылардың білім дәрежесін көтеру үшін түрлі ашық сабақтар ұйымдастыруда. Жуырда Түркістан облысына қарасты Арыс қаласының білім бөліміне қарасты Арыс жалпы білім беретін мектебінде кеше физика пәнінен зерттеу сабағы басталды. Мақсаты-оқушылардың оқуы мен мұғалімдердің оқыту тәжірибесін жақсарту. Физика пәнінің мұғалімі Динара Избасарова 8 сыныпқа өткен “Отын энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы” тақырыбындағы сабақта “Tarsia”, “Айналмалы бекет”,”Бағдаршам” әдістерін пайдаланды. Зерттеу сабағы барысында мұғалім оқушыларды жұптық, топтық жұмыстарда тапсырма беріп, есеп шығару арқылы сабақты жоғары деңгейде шебер ұйымдастыра білді. Сабақ соңында ДОІЖО М.Асирова және зерттеу тобының мүшелері өтілген сабақты талдап, келесі сабақтың жоспарын құрды. «Арыс қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты М.Әуезов атындағы мектеп-гимназияда 2023-2024 оқу жылында Бастауыш сынып пән бірлестігі «Бастауыш сыныптарда жаңа әдіс-тәсілдері қолдану арқылы оқушы қабілетін арттыру» тақырыбында әдістемелік апталықты 3 «Ә» сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Перманова Шолпан «Өсімдік әлемінің досы мен дұшпаны. Өсімдікті қалай қорғаймыз» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты — Адамның өсімдік әлеміне қалай әсер ететінін түсінесің; Өсімдіктерді қорғау жолдарын білесің бе? Қоршаған ортаның ластануымен тазалығын сақтауды білеміз бе; Сирек кездесетін жойылып бара жатқан өсімдіктер, жануарлар, құстарды сақтаудағы Қызыл кітаптың рөлін білесің бе. Дескриптор: Сұрақтарға жауап береді. Оқулықтағы суреттермен жұмыс жасайды. Өсімдіктердің қоршаған ортаға ұзақ уақыт бойы бейімделгені туралы ақпарат алады. Зерттеу жүргізеді. Қоршаған ортаны көбірек не ластайды. Сұрақтарға жауап береді. Нәтижесін түсіндіреді. Ашық сабақ қорытындысы бойынша күз белгісіндегі ағашты безендіріп, күзге айналдыру жапырағымен көмкеріп, жерді аялайық және қорғай білейік деп оқушылар сұрақтарға жауап беріп, жеткізе білді.