Әлеумет Кітапханашылар бас қосты Редактор 08.10.2023 7971 1 оқу мин Кітап оқу мәдениетін насихаттау бағытында бүгінде Түркістан облысында түрлі іс шаралар ұйымдастырылуда. Жуырда Түркістан облысына қарасты Сауран ауданында «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Ақпараттық мәдениет – кітапханашы, оқырман, кітап» атты Түркістан облыстық кітапханашылар Слеті басталды. Шараға Облыстық мәдениет және туризм басқармасының тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау бөлімінің маманы Нұрдәулет Сұлтанбе қатысып, Слеттің маңызына тоқталып өтті. Облыстық кітапхана басшысы Жанат Құдайбергенова аталмыш шараға модератор болып, жалпы облыс кітапханалары туралы, сонымен қатар ондағы күрделі мәселелер мен даму жағдайы туралы атап өтті. Шара барысында түрлі тақырыпта аудан-қаладан келген өкілдердің баяндамалар тыңдалады. Келелі мәселелер қозғалып, ұсыныстар берілді. Жаңа жобалар мен тың жайында пікір алмасу болды. Жиынға облыс көлемінен 80-ге жуық кітапханашылар бас қосты. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Үздік жас кітапханашы – 2023» республикалық байқауының қорытынды кезеңі аясында «Қазақстанның креативті жас кітапханашыларының бірінші сессиясы» өтті. «Үздік жас кітапханашы – 2023» республикалық байқауында Түркістан облысы атынан Төлеби аудандық кітапханасының кітапханашысы Турдиева Балкерім қатысып жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Түркістанда 100-ге жуық отбасыға баспана кілті мен домбыра тарту етілді 1 оқу мин Әлеумет Түркістанда 100-ге жуық отбасыға баспана кілті мен домбыра тарту етілді 05.07.2025 8067 Кәсіпкерден алған ақшаға мектеп салған: Білім басқармасының экс-басшысы 7,5 жылға сотталды 1 оқу мин Әлеумет Кәсіпкерден алған ақшаға мектеп салған: Білім басқармасының экс-басшысы 7,5 жылға сотталды 04.07.2025 7088 Шенділер 75 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру кезінде ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шенділер 75 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру кезінде ұсталды 03.07.2025 7833