Мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында Түркістан облысындағы Сауран ауданына қарасты «№1 жалпы білім беретін мектепте Ұстаздар күніне орай «Өзін өзі басқару күні» өткізілді. Мектеп түлектері директорды, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларын, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларын сонымен қатар пән мұғалімдерін алмастырып сабақ өтіп, белсенділік танытты. Оқушылар таңертең мұғалімдерді 5-қазан Ұстаздар күнімен құттықтау үшін жанды дәліз ұйымдастырып, барлық мұғалімдерге кішігірім сыйлық беріп, керемет көңіл күй сыйлады. Мектеп директоры оның оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары оқу процесін қадағалап отырды, білім алушылардың сабаққа қатысуын, мұғалімдерінің ҚМЖларын тексеріп, сабаққа дайындығын тексеріп дәліздегі тәртіптің сақталуын қадағалады. Әрбір пән мұғалімдері атқарылған жұмыстарына жауапкершілік танытты. Күн соңында ұжымдың барлық мүшелері директор жанында атқарылған жұмыстары туралы есеп берді. Мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, көшбасшылық қасиеттерін ашу, оқушыларды, ұстаздарды құрметтеуге, сыйлауға, ұстаз еңбегін бағалауға үйрету мақсатында 5 қазан ұстаздар күніне орай Төлеби атындағы жалпы орта мектебінде «Дублер» күні өткізілді. Алдын- ала хабарлап, мектеп әкімшілігі мұғалімдердің орнын ауыстырып оқушылар таныстырылып, атқаратын міндеттері түсіндірілді. Ұстаздарды қарсы алу дәлізі ұйымдастырылып, мұғалімдерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Дублерлер әр сабақты жақсы ұйымдастырып өткізуге барынша еңбек етті. Мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып өткізілді. Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері ұстаз бен дублер оқушылардан сұхбат алып, қиыншылығы мен қызықшылығы қатар жүретін ұстаздар еңбегі жайлы ой бөлісті. Мектеп директоры Османов Халдар Асенұлы бүгінгі атқарылған іс шараларға, мектеп әкімшілігіне дублерларға атқарылған жұмыстарды керемет деп бағалап, алғысын білдірді.