5 қазан – Мұғалімдер күні қарсаңында Келес ауданындағы Ә.Кенжеев атындағы мәдениет үйінде «Ұстазыма мың алғыс!» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік шараға Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев, аудандық мәслихат төрағасы Нұржан Шаулиев және ауданның барлық аймақтарынан 500-ге жуық ардагер ұстаздар, аудан басшылығы, кәсіподақ төрағалары, педагогтар мен жас мамандар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Кездесу алаңында білім беру саласына қосқан үлесі үшін 50-ге жуық ұстаз марапатталды. Мұғалімдер күніне орай ұйымдастырылған шараны аудан әкмінің орынбасары Даурен Нұрланұлы ашып, білім саласында елеулі еңбек еткен бірқатар ұстаздарды аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. – Сіздерді бүгінгі мұғалімдер мерекесімен құттықтаймын. Білім беру саласының өркендеуі жолында адал қызмет етіп, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ерен еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін. Құрметті ұстаздар! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін! — деді Даурен Сариев өз құттықтауында. Мерекелік шара соңы Оқушылар үйі мен Саз мектебі, N18 С.Қожанов жалпы орта мектебі дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты Айта кетейік, қазіргі таңда Келес ауданында мектептерде 3860, мектепке дейінгі ұйымдарда 1059 педагог жұмыс істейді. Мұғалімдердің кәсіби дамуын арттыру үшін 17 жетекші, 46 серіктес мектеп бар. Аудандағы жетекші мектептер оқу-әдістемелік, ғылыми-практикалық, тәжірибелік әдістемелік қолдау шараларын үздіксіз жүргізеді. Мұғалімдер биылғы жылы оқушылардың ғылыми-жаратылыстану және оқу сауаттылығын, сындарлы және креативті ойлауын дамыту мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында» – 698 мұғалім, «Назарбаев Зияткерлік мектептер» Педагогикалық шеберлік орталығында – 200-ден аса мұғалім өз біліктіліктерін арттырды.