2023 жылдың 30 қыркүйек күні «Support Times» және «Көмек таймс» жобасындағы меморандум негізінде дарынды ауыл балаларын пәндік олимпиадаларға дайындау сабақтары өтті. «Support times» жобасы аясында, Түркістан облысына қарасты Келес ауданы Білімі бөліміне қарасты №42, 48, 58, 60, Сарыағаш ауданына Білім бөліміне қарасты №43 шағын жинақты ЖОМ, «Көмек таймс» жобасы аясында №30 С.Торайғыров Жалпы орта мектебінде ОМ-де оқитын дарынды балалары мен Сарыағаш Дарын мектебі оқушыларына арналған олимпиадалық оқу-жаттығу жиыны Сарыағаш Дарын мектебінің базасында ұйымдастырылды. Дайындық сабақтары жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден өтті: Математика, Информатика, Биология, Химия, Физика, География. Мектептің үздік педагогтары ауыл мектептерінің дарынды оқушыларын олимпиадаға дайындауды жолға қоя отырып, желілік қоғамдастық аясында әріптестік ынтымақтастықты одан әрі дамыту үстінде. «Замандас оқытушы» технологиясы бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық, республикалық деңгейде жетістікке жетіп жүрген 11 сынып оқушылары өздерінің биік белестерді қалай бағындырғандықтарын баяндап беріп, жекеленген тапсырмаларды оңай, тиімді жолдармен шешу тәжірибелерімен бөлісті. Олимпиадаға дайындық оқу-жаттығу жиындарына жобаға жауапты әдіскерлер Зейденова Рахат Өмірбайқызы үйлестіру жұмыстарында жоғары белсенділік танытуда. Ұстаздардың бірлескен ынтымақтастығының дарынды оқушылар түрлі олимпиадалар мен шығармашылық жұмыстарда жоғары жетістіктерге жетеді деп сенім білдіремін. Жалпы алғанда жобаның мақсаты ауыл мектебі балаларына қолдау білдіру болса, ал жобаның миссиясы мамандандырылған мектеп-интернаттың іс-тәжірибесін ауыл мектептеріне тарату.