Әлеумет Күздік жәрмеңке тілге арналды Редактор 10.10.2023 21040 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Арыс қаласының білім бөліміне қарасты №8 В.Комаров атындағы мектеп директоры Ж.Г.Кайбалдиеваның идеясымен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, жас маман А.Е.Жолдасбектің ұйымдастыруымен “Fall Fair” атты күздік жәрмеңке ағылшын тілінде өтті. Мақсат — «Learning Through Task-Based Approaches» ғылыми жобасының аясында оқушылар мен мұғалімдерге шынайы өмірде ағылшынша сөздік қорды дайын фразалар арқылы сатушы мен сатып алушы рольдерінде практикада қолдану және американдық атмосфераны сезіну болып табылады. Жәрмеңкеге оқушылар өздері жасаған зергерлік бұйымдар мен түрлі тағамдар дайындап алып келді. Халықаралық қолданыстағы тілді үйрену әсіресе оқушыларға өте тиімді. Пәндің оқу барысынан бөлек осындай шаралар барысында яғни тәжірибе ретінде қолданғанның тиімділігі өте жоғары екендігі белгілі. Сондықтан да осы бағыттағы шараларды көптеп ұйымдастыру жоспарға енгізілді. Күзгі жәрмеңкеде адамдар жәрмеңкеге барған кезде жасай алатын көптеген қызықтар бейнеленген. Сонымен қатар оқушылар түрлі сұрақтар қоюды және оларға жауап беруді, оқығандарын жақсы түсіну және есте сақтау үшін мәтіндегі негізгі идея мен мәліметтерді анықтауды үйреніп меңгергенін көрсете білді. Текстке түскен қаражаттың 10 пайызы қайырымдылық қорына тапсырылды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 1558 Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10651 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9282