Түркістан облысы Түлкібас ауданы Еңбек ауылы Т.Әубәкіров атындағы жалпы білім беретін мектеп «Жаратылыстану-өмір тану,табиғаттың сырын табу»атты химия, биология апталығы басталды. Мақсаты — білім алушылардың биология, химия пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, ізденімпаздығы мен танымдық әрекеттерін шығармашылыққа бейімдеу, сонымен бірге экологиялық тәлім-тәрбие беру болып табылады. Пән мұғалімдері Е.Нұрымбетов және Г.Қалдыкөзова. Оқушылар аталған апталыққа қызыға қатысты. Өз қолдарымен түрлі заттар жасап өзгелердің назарына ұсынды. Бұдан кейін, Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Мектеп менің-Отбасым!» жобасы аясында 9 «Ә»сынып оқушыларымен география пәнінен ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақ тақырыбы — «Қазақстанда минералды ресурстардың таралу заңдылықтары». Оқыту бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары — Қазақстанның минералды ресурстарының таралу заңдылдықтарын анықтау. Сабақ барысында оқушылар,сабаққа қызығушылықпен қатыса отырып, үй тапсырмасын,жарыса, ауызша «Блиц турнир» сұрақтарына жауап берді.Оқушылар пайдалы қазбалардың шартты белгілері арқылы үш топқа бөлінді. Топтық жұмыс-«АВС әдісі”, Жеке жұмыс-«Кім жылдам», Жұптық жұмыс-«Үш таяқ әдістері» арқылы сабақ оқу мақсатына жетті.Рефлекция материалдары «Шульманның 3 ілімі» әдісі: Бүгінгі сабақта басың арқылы нені меңгердің? Бүгінгі сабақта қолың арқылы нені жасай алдың? Бүгінгі сабақта жүрегің арқылы нені сезіндің? Оқушылар ауызша өз ойларын айтып шықты. Мұғаліммен оқушылар арасындағы қарым-қатынас,отанға деген сүйіспеншілік,жетістікке жету үшін бірлескен әрекетті,анық көрсете білді. География пәнінен ашық сабақ жүргізген: Педагог-зерттеуші Айтуганова Аида Оспанбекқызы. Оқушылар аталған шараға аса белсенді қатысты.