Қазақтың ұлттық киімі — қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі. Бұрынғы заманда ата-бабаларымыз ұлттық киім арқылы жанындағы адамдардың мәртебесін, дәулетін, тіпті шамамен жасын да аңғара алған. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ұлттық киiм – бай тарихи-мәдени мұра, оны зерттеу бiздi өткен ға- сырлардағы әдет-ғұрып, салт-дәстүр, халықтың хал-ахуалынан кең көлемде жан-жақты хабардар етедi. Сол себептен де сан ғасырлық тарихы бар ұлттық киімдерімізді қастерлеп, келер ұрпаққа да жеткізе білсек екен Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданының білім бөлімінің 10.10.2023 жылғы №230-01/01-51/3956 хаты негізінде аптаның әр сәрсенбі күні білім мекемелерінде «Ұлттық киімдер күні» болып белгіленді. Осыған орай Жетісай ауданы білім бөлімінің «І. Есенберлин атындағы √54 жалпы білім беретін мектебі» КММ мектебінің педагогтары мен білім алушылары осы күні мектепке халқымыздың ұлттық киімінде киініп келіп, тағылымды бастамаға атсалысты. Мақсаты -Қазақтың ұлттық киімі ұлтымыздың тек ұлттық нышаны емес, ұлт бірлігін паш ететін, ұлттық дәстүрімізді кең насихаттайтын рухани құрал екендігін түсіндіру. Сынып жетекшілері, оқушылар мен ата-аналарға бұл бастама мақсатын түсіндіріп, балалардың ұлттық киімде келуі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұдан бөлек, Жетісай ауданындағы Ю.Гагарин атындағы №3 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагогтары мен оқушылары мектепке халқымыздың ұлттық киімінде киініп келіп, тағылымды бастамаға атсалысты. «Ұлттық киімдер күні» болып белгіленуіне байланысты «С.Қожанов атындағы №42 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ұлттық дәстүрімізді педагогтеріміз бен білім алушыларымыз кеңінен насихаттау, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында бүгін 11 қазан күні ұлттық киімдер киді. Жетісай ауданының білім бөлімінің 2023 – 2024 оқу жылындағы жылдық жоспарына сәйкес ұлттық дәстүрімізді мұғалімдер мен оқушылар арасында кеңінен насихаттау, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «№25 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әр аптаның сәрсенбі күні «Ұлттық киімдер күні» болып белгіленді. Өзін Қазақ елінің дәстүрі мен мәдениетін айырықша бағалаймын деп санайтын әр адам осы күні үстеріне ұлттық стильдегі киімдерді киіп, өз тарихымыз бен бабаларымызға құрмет көрсетуге шақырады. Сондай-ақ«А.Байтұрсынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде аптаның әр сәрсенбі күні мұғалімдер мен оқушылар мектепке қазақи, ұлттық киімде келу ұйымдастырылды. Аталмыш үрдісті «Әл-Фараби атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі де жалғастырды. Бұл үрдіс жыл бойы жалғасын табатын болады.