Пәндік сабақтардан бөлек оқушылардың түрлі байқауларға қатысып, білім білігін жетілдіргені құба құп. Жуырда Түркістан облысына қарасты Созақ ауданы, Асқар Сүлейменов атындағы мектеп базасында аудан оқушылары арасында «Ақберен» республикадық өнер байқауының аудандық кезеңі өтті. 8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар салысында кәсіптік қызметін таңдауда шығармашыл қабілетін, өлең жазуын, тапқырлық қырын, дарынын танытуға қолдау көрсету мақсатында өткен байқауға аудан мектептерінен 100-ге жуық оқушы қатысты. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар оза шапқан дарынды да таланты оқушылар расында барын салды. Барлық қырынан бірінен бірі озып тұрған оқушылардың озатын таңдау да оңайға соққан жоқ. Шешендік, білгірлік сайысы, көркемсөз оқу, эссе жазу, ұлттық аспапта өнер көрсету, ақындар айтысы, ақындар мүшайрасы номинациялары бойынша сынға түскен жеңімпаз оқушылар аталған байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды.