Түркістан облысына қарасты Отырар ауданы, Жамбыл мектеп-лицей базасында білім беру ұйымдарындағы 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық байқауының аудандық кезеңі болып өтті. Байқау туған жер тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойына ұлтжандылықты қалыптастыру, өзінің туған өлкесінің тарихын және құндылықтарын мақтаныш сезімге бағыттау мақсатында өткізілді. Байқауға 30 мектептен 77 оқушы қатысып, бақ сынасты. Екі кезеңнен тұратын байқауда оқушылар туған өлкенің тарихын зерттеуде танымдық қызығушылығы артып, маңызын терең сезінді. Облыстық кезеңге жолдама алған жеңімпаз оқушыларға сәттілік серік болатыны сөзсіз. Бұдан кейін, аудандағы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 22.09.2023 жылғы №564/15-11-06 хаты негізінде 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңіне С. Әшіров мектебінен ережеге сәйкес 4 оқушы қатысты. Менің шағын Отанымның символы номинациясы бойынша 10 сынып оқушысы Өмірзақ Ақмаржан жетекшісі Сәуір Гүлжан ауыл мен ауданымыздың символына айналған ұлы тұлға Сейітқасым Әшіров атамыз жайында презентация жасап, өмір тарихы мен еңбектерінен құралған құнды дүниелерін таныстырып жүлделі ІІІ орынды иемденді. Менің шағын Отанымның болашағы номинациясы бойынша 9 сынып оқушысы Жылқыайдар Ерасыл жетекшісі Тұрсынбаев Бердібай өзінің жасаған қол туындысы «Қоғам саябағы» макетін жасаған. Макетті қорғау барысында креативті ойлау арқылы ескі мен жаңаны байланыстыру мақсатында саябақ ішіне этноауылды кіріктіріп жасағанын, саябаққа келуші қонақтардың бұл жерден тек жан саясын табумен қатар рухани құндылықтарды ескере отырып, ауылымыздан шыққан ерлік істерімен есте қалған еңбек ерлеріне, тарихи тұлғаларымызға арналған ескерткіштің орнатылатынын айтып өткен. Ерасылдың патриоттық сезімінен туындаған бұл жұмысы жүлделі ІІІ орынға лайық деп танылды