Біреудің жеткен жетістігі таңғалдырумен қатар, қанаттандыратыны да анық. Сондықтан мотивацияңыз төмендеген кезде табысқа кенелген адамдардың кітаптарын оқып тұрған жөн. Оқу мәдениетін насихаттау мақсатында бүгінде түрлі іс шаралар қйымдастырылуда. Бүгінде интернет-дүкендерден «мотивациялық» санаттағы сан алуан кітаптарға тапсырыс беріп, сатып алуға, сайттардан жүктеуге мүмкіндік бар. Әлеуметтік желідегі түрлі топтар заманауи мотивациялық кітаптардың жарнамасының дабысы жер жарады. Дегенмен рухани байлық негізі кітапты қолға алып оқыған жақсы емес пе? Негізінде оқырмандар мұндай кітаптарды өзін-өзі дамыту үшін, рухани биіктікке жету мақсатында, жеке өміріндегі мәселелердің шешімін тауып, өз мінезіндегі кемшілікті түзегісі келіп, өсу үшін, ісін өрге бастыру үшін оқиды. Мотивациялық кітап сөрелерінің оқырмандары сол авторлардың саудасын қыздырып, қалтасын қампайтып жатқанын да естен шығармау керек. Қазіргі күні дәл осы жанрдағы кітаптарға сұраныс жоғары. Сондықтан да әлемде пайдасы шаш етектен индустрия болып есептеледі… Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен “Балалар кітапханасы” атты бағдарлама аясында мектеп кітапханаcы біршама көркем шығармалармен толығып келеді. Соның дәлелі ретінде Түркістан облысына қарасты Отырар ауданындағы А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектептің кітапханашысы Қалдарова Балжан жаңа әдебиеттермен оқырмандарын таныстырып өтті. “Өміріңді өзгертер қарыс қадам”, “Ғажайып” атты мотивациялық кітаптар мен қазақ авторларының кітаптары және шетел аудармалары оқырмандарымызды қуанышқа бөледі. “Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге”, деп Абай Құнанбайұлы атамыз айтқандай адам баласы үшін кітап — тілсіз тәрбиеші, кітап адам баласына бала кезінен бастап, өмірінің соңына дейін сырлас досы бола алады.