Түркістан облысына қарасты Келес ауданы, №10 “Игілік” жалпы орта мектеп базасында білім беру ұйымдарындағы 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқау туған жер тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойына ұлтжандылықты қалыптастыру, өзінің туған өлкесінің тарихын және құндылықтарын мақтаныш сезімге бағыттау мақсатында өткізілді. Байқау екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезеңде Қазақстан тарихы бойынша тест өткізілсе, ІІ кезеңде оқушылар «Менің кішкентай Отанымның тарихы», «Кіші Отан символы», «Менің кіші Отанымның болашағы» және «Менің туған өлкем» төрт номинациясы бойынша жобаларын қорғады. Қазылар алқасының мүшелері тақырыптың толық ашылуы мен сапасына, қорытындылардың дәлдігіне, көркемдік шеберлікке, техникалық және орындау сапасына назар аударды. Байқауға 105 оқушы қатысып, бақ сынасты. Екі кезеңнен тұратын байқауда оқушылар туған өлкенің тарихын зерттеуде танымдық қызығушылығы артып, маңызын терең сезінді. Облыстық кезеңге жолдама алған жеңімпаз оқушыларға сәттілік тіледі.