Білім мекемелерінде оқушылардың сапалы біліммен сусындауынан бөлек саналы тәрбиемен де қамтылуы назардан тыс қалған емес. Осы орайда бүгінде білім ошақтарында тәрбие бағытындағы жиындар көптеп ұйымдастырылуда. Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық білім бөлімі мен Ордабасы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының жанынан құрылған жұмысшы топтың ұйымдастыруымен, Шұбар ауылы Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектеп пен Шұбарсу ауылындағы М.Исламқұлов атындағы жалпы білім беретін мектепдерінде «Жасөспірім және заң» атты, жоғары сынып оқушылары мен ата аналарға, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу негізінде жиналыс өткізілді. Жиналыстың мақсаты: Жасөспірімдерге қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар туралы толық түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеп, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру. Жиналыстың күн тәртібі бойынша Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары М.Ақмұратов жүргізіп, «Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрс» тақырыбында Ордабасы аудандық прокуратурасының прокуроры Қожабай Дәуірбек Дінмұхаммедұлы «Оқушылардың құқықтық сауаттылығын дамыту, заң талаптарын түсіндіру» тақырыбында Ордабасы аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғ.Қуашбаев, «Бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін, арттыру» тақырыбында Ордабасы аудандық әкелер мектебінің төрағасы Л.Жүсіп баяндама жасап, оқушылар мен ата аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиналыс барысында Құқық қорғау органдарының өкілдері оқушыларға келеңсіз жағдайлардың алдын алу жұмыстарын насихаттады. Оқушылар мен ата- аналар еркін микрофон алаңында ашық сұхбат жүргізіліп, келген қонақтарға сұрақтар қойылып, ол сұрақтар бойынша көкейтесті мәселелерге жауап алынды