Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданы №14 «Жас алаш» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кітапхана апталығы болып өтті. Оқу мәдениетін насихаттау аясында аталмыш бағыттағы апталықтар жиі өткізіліп тұрады. Кітапхана апталығында 12 қазан күні «Мен оқыған сүйікті кітабым» атты айдармен ұстаздардан сұхбат алынды. «Кітапсыз өтілген бір күн, орны толмас бос кеткен күн» дегендей баланың ой-өрісін дамытуда маңызды орындардың бірі кітап оқу болып табылады, сол себепті ең алдымен осы бастаманы ұстаздардан бастау алса, жалғасы оқушылармен аяқталмақ. Алдыменен, кітапхана меңгерушісі Алибекова Айымгүл Сандыбайқызы мұғалімдерге қызықты викториналық сұрақтар қойып,балалық шақтарында оқыған, жаттаған өлеңдерін еске түсірткізді. Ұстаздар өздерінің оқыған шығармаларынан үзінді айтып, кейіпкерлерін атады, кейбірі жаттаған өлеңдерінен жатқа айтты. Ұстаздарға сыйлықтар берілді. Кітапхана меңгерушісі Алибекова Айымгүл апайға алдағы уақыта аталмыш бағыттағы апталықтарды жиірек өткізіп отыратындығын айтып, жоспарларымен бөлісті. Бұдан кейін Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты «Н.Бекежанов атындағы жалпы білім беретін мектеп» комумналдық мемлекеттік мекемесінде кітапханашы Р.Айшыханның ұйымдастыруымен кітапхана апталығына байланысты МАДС бүлдіршіндерімен бірге «Ертегілер еліне саяхат» жасады. Бұдан кейін аудандық білім бөліміне қарасты «Х.Әлімжан атындағы №12 негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кітапхана жоспарына сәйкес Килибаева Кулшаттың ұйымдастыруымен 11.10.2023 ж 5-сынып оқушыларымен «Кітап мұңы» көрініс қойылды. Балалар өз кейіпкерлерін өте тамаша сомдап шықты. Кітаптардың бастан кешкен хикаяны жақсы жеткізіп, көрермен балаларға үлгі болатындай әсер қалдырды. Оқушылар кітап туралы әндерін де шырқады. Одан бөлек, «№34 Бірлік жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 11.10.23ж күні «Оқуға құштар мектеп » жобасы аясында «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы өткізілді. Аталмыш шараның мақсаты — халықтың рухани байлығын дамытып, мәдениетті, парасатты, рухани ойлауы терең , бауырмал, мейірімді ұрпақты тәрбиелеу. Кітапты сүйе білуге, қадірлеуге баулу, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасын нығайту болып табылады. Кітапханашылар Пошанова А, Темірхан Н, Пулатбаева А ұйымдастырды. Бұдан кейін «Аяулы кітаптарымызды аялайық» тақырыбында кітапханашы И.Ауелбекова 8-сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді. Кітаптан көп үлгі өнеге, тәрбиесінен әсер аламыз. Оқыған тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. «Батыр бірді жығар, білімді мыңды жығар»,- деген халық даналығы бекер айтылмаған. Ендеше кітап біздің сарқылмас рухани қазынамыз десті жиынға қатысушылар.