Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты «Шардара» мектеп-лицейінде оқушылардың логикалық ойлауын тереңдету, шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің 09.10-20.10.2023ж. аралығында «Тіл – ұлттың жаны» атты тақырыбында онкүндіктің іс-шара жоспары бойынша бүгін Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту,тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту, Отанына, халқына адал қызмет етуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты тақырыбында журналистік сұқбат ретінде тікелей эфир форматында бетпе – бет сұрақ-жауап алып еркін және ашық әңгімені өз ісінің нағыз маманы журналист, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сабырханова Ақбаян апайымыз жоғарғы деңгейде өткізді. «Отанымыздың ұлттық мақтанышы — мемлекеттік рәміздер» деп, аталған білім ордасының басшысы Ж.Сапаров сөзінде оқушыларға мемлекетіміздің рәміздерін құрметтеуге, еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандары, біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұтуға шақырып, бүгінгі іс шарада журналистік сұқбат — ерекше әлеуметтік маңызды құбылыс екенін айтып, әңгіме (диалог) жасап, «Отан ана» өлеңінің бір шумағын орындады. Іс – шара барысында «Туымен-Тұғырлы, Елтаңбасымен — Еңселі, Әнұранымен айбатты ел» деп, Рәміз, Ту, Елтаңба, Гимн туралы түсініктерін айтып, хормен Гимнді орындады. Сонымен қатар, «Отан» жайлы мақал-мәтелдер, «Көк тудың желбірегені», «Алтын дән» тобы еңселі Елтаңбамыз туралы, «Кім зерек?» тапсырмасы, Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтып, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтады, ҚР Мемлекеттік ту қандай жерлерге ілінеді сұрақтар қойылып оқушылар, ұстаздар және ата – аналар белсене атсалысып, диалогтық қарым – қатынасқа түсті. Жалпы, Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы екенін, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылатынын, Қазақстанымыз Туымен-Тұғырлы, Елтаңбасымен-Еңселі, Әнұранымен айбатты ел, яғни, Көзіміздің қарашығындай сақтауға, Құрметтеуге, Мақтанышпен қорғауға,Тұмардай сақтауға шақырды. Іс — шараны жоғарғы деңгейде өтілуіне атсалысқан әдістемелік бірлестік жетекшісі Демеуова Ғалия және пән мұғалімдері Сабырханова Ақбаян, Мусаева Гүлзипа әріптестер алдағы уақытта аталмыш бағыттағы апталықтар жиі өткізілетіндігін айтты.