Түркістан облысының Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Төлеген Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясы мектебінде дублер күні өтті. Осы күні 11 сынып оқушылары барлық сабақтарда мұғалімдерді алмастырды. Осы жауапты іс-шараға балалар көп дайындалды: олар мұғалімдердің басшылығымен сабақ кестесін құрып, әр сабақтың жоспарын жазды. Тәңертеннен бастап мектепте ерекше атмосфера орнады, қыздар сәнді киініп, ұлдар костюмде галстук тағып осы күнді қызықты да, мазмұнды етіп көрсетуге тырысты. Осы күні мектептегі тәртіп биік деңгейде болды. Дублер күні — бұл оқушылар нағыз мұғалімдер бола алатын күн, сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезіне алады. Каныбеков Мырзабек мектеп директоры Абдулла Зере 11 сынып, Мусабеков Берік оқу ісінің орынбасары Орынбай Гауһар 11 сынып, Қошқарова Жанбала оқу ісінің орынбасары Ұлықбек Құралай 11 сынып, Бапанова Райхан Тәрбие ісінің орынбасары Нұржігіт Жанерке 11 сынып, Жакипов Қанат Тәрбие ісінің орынбасары Мактым Берік 11 сынып, Тұрымбеков Бауыржан Ұйымдастырушы-педагог Еспенбет Бекмұхамед 10 сынып, Сейдешова Лаззат Педагог психолог Қуанышбек Арай 10 сынып, Жакипова Ұлданай Әлеуметтік-педагог Бақтыбай Мақпал 10 сынып Зиябекова Жадыра Аға тәлімгер Жанжігіт Рабия 10 сынып Смайлова Рабиға Орыс тілі Ендібай Ернұр 9 сынып Атшабарова Мадина Бастауыш сынып Жанжігіт Рабия 10 сынып Махамат Нүргүл Бастауыш сынып Мұзаффар Аяулым 10 сынып Жанқұлова Ақмарал Ағылшын тілі Жұмабек Динара 11 сынып қатысты. Оқушылар сабақ берудің қаншалықты қиын екендігін сезінді. Бір орында тұрып қалған мұғалімнің тоқырайтынын түсінді. Өздерін мұғалім сезінген оқушылар мамандықтың қаншалықты маңызды екенін түйсініп, алдағы уақытта мұғалімдердің еңбегін бағалап жақсы сабақ оқитындарын айтты.