Әлеумет Мамандық таңдау бойынша бағдар берді Редактор 12.10.2023 21783 1 оқу мин Бүгін Түркістан облысы «Білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен BOLASHAQ» «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы және Жоғары оқу орындарынын өкілдерімен бірге «Өскенде кім боласың?» кәсіби бағдар беру айдары аясында мамандықты таңдауға көмектесу жобасы онлайн форматта болып өтті. Бұл бас қосудың мақсаты әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуын қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесу болды. Тікелей эфирде өтілген бұл жобаның спикерлері «BOLASHAQ» халықаралық бағдарламасының түлектері болды. Бірінші сөз алған Қожабек Әсемгүл Бауыржанқызы қазіргі уақытта сұранысқа ие ең тапшы мамандықтар туралы, оларды оқытатын университеттер туралы кеңінен таныстырып, сұрақ-жауап айдарындағы мектептің бітіруші оқушыларына қызықты мағлұматтар бере отырып жауап берді. Спикер Баймуратова Айгерим Бердибайқызы өзінің жақсы көретін саласы IT мамандықтар туралы толық ақпарат беріп қатысушылармен кері байланыс жасап, ашық пікір алмасып түлектер мен ата-аналар өзерінің қызықтыратын сұрақтарына жауап алды. «Өскенде кім боласың?» жобасының ұйымдастырушысы ББД орталығының инновация және стратегия кафедрасының әдіскері Байдарбекова Эльмира Садуовнаға мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдауға жан- жақты ақыл кеңес, бағыт бағдар беру жолында осындай қызықты жобаларды ұсына беруіне тілектестік білдіреміз. Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты №11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясының директордың бейіндік оқыту және инновация ісі орынбасары Мырзагелдиева Маржан Кудайбергеновна Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10566 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9212 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 10018