Бүгінде мектеп мұғалімдері арасында да шығармашылықпен айналысатындары жетерлік. Олардың арасында ақыны да, жазушысы да бар. Бұл өз кезегінде мектп оқушылары арасында оқу мәдениетін насихаттауға да көп үлес қосары сөзсіз. Жуырда Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданындағы Тұран жалпы орта мектебінде директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Т.Аралбаевтың және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Р.Балтабай және Т.Алдабергенованың ұйымдастыруымен «Жастар» апталығы аясында жас ақын, география пәні мұғалімі Надиров Нұрсұлтанның әдеби-сазды кеші өтті. Жас ақынның он беске жуық өлеңі оқылды. Отан, ата-анаға деген махаббат туралы өлеңдері жүректен орын алды. Ақынның өлеңдеріне қызығып Сманқан Темірбек және Аралбаев Табиғат ақынның өлеңдерін оқыды. Көпшілік тарапынан сұрақтар қойылды. Төмендегі өлеңдері ерекше халық жүрегінен орын алды. «Сенімді ақтаймын», «Ізгі жан», «Ей өмір», «Ғұмыр айна», «Менің әкем мен үшін дара туған», «Шыда жүрек» «Уақыт», «Ақ пен қара», «Риясыз сенемін», Пендемін гой періште емеспін», Пешене тағдыр», «Соңғы қоңырау» атты шығармалары оқылды. Шара соңында мектебіміздің директоры Х.Кожбанова Нұрсұлтанға шығармашылық табыс тілеп,қаламыңыз ұштала берсін деп Мырзагелді Кемелдің «Екі томдық шығармалар жинағы» атты кітабын сыйға тартты.