Түркістан облысына қарасты Арыс қаласының Білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты №8 В.Комаров атындағы жалпы білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 13 қазан күні «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында оқушылардың кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспары бойынша, мектеп директоры Жазира Гайсаевнаның жетекшілігімен, кәсіби бағдар беруші Зарина Батырханқызы және ағылшын пән мұғалімі Аружан Ержанқызының ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушыларымен Арыс қаласының кәсіпкері Байбосынов Азамат Шералыұлымен ««Кәсіпкерлік және бизнес»» тақырыбында кездесу өтті. Білім беруді дамыту бағытындағы мұндай шаралар аталмыш мектепте көптеп өткізіліп отырады. Кездесудің негізгі мақсаты — оқушыларға кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып бизнес жасау жолдарын үйрету, кәсіптік бағыт – бағдар беру, оқушылардың бойында іскерлік, әдеп, ұйымдастырушылық қабілетін, ұжыммен жұмыс дағдыларын қалыптастыру, кәсіпкерлік туралы түсініктерін, ой – өрісін арттыру, кәсіпкерлік еңбекке баулу, маңызды шешім қабылдай алатын, жетістікке жететін белсенді азамат болуға тәрбиелеу болып табылады. Азамат Шералыұлы кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктері туралы айтып, табыс құпиясымен бөлісті және оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Сұрақтар өте көп болды: бизнесті қалай бастау керек, бастапқы капиталды қайдан алуға болады, жарнаманың қандай құралдары ең тиімді?. Сонымен қатар, оқушылар бизнес жүргізудің қыр-сырын, бизнесмен сипатын шыңдайтын табыстар мен сәтсіздіктер туралы білді. Азамат Шералыұлы сұрақтарға жауап бере отырып, табысты кәсіпкердің басты қасиеттері еңбекқорлық, өмір бойы білім алу мен өзін-өзі жетілдіру екенін атап өтті.