Түркістан облысы Қазығұрт аудандық білім бөліміне қарасты Қ Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында ПИЗА-2023 халықаралық зерттеуіне байланысты оқушылармен және пән мұғалімдерімен сынып жетекшілермен бірлескен дөңгелек үстел болып өтті. Білім сапасын арттыруға бағытталған шаралар ауданның барлық мектебінде жалғасын табуда. Мектеп-гимназия директоры Нұрқұл Ж.Қ мен оқу ісі жөніндегі орынбасары Шерова. Г.Ж оқушыларға түрлі логикалық сұрақтар қоя отырып сауалнама алды. Оқушылардан дайындық ретінде тесттер алынып, талдау жасалынды. Бұдан кейінгі шара Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөлімінің «Жамбыл атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 7-11 сыныптар арасында мектепішілік пәндер олимпиадасы басталды. 13 қазан күні орыс тілі және әдебиеті пәнінен олимпиада болып өтті. Олимпиадаға жалпы 7 пен 11 сыныптар бойынша 40-50 оқушы қатысты. Мақсаты : 7-11 сыныптардан қатысқан бұл дода оқушылардың білімге құштарлығын арттыру болып табылады. Одан кейін, Қазығұрт ауданының білім бөлімінің «Жамбыл атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының жоспарына сәйкес 13.10.2023 ж. күні математика пәнінің мұғалімі Мұсабекова Улжалғас апайдың 5 «а» сыныбындағы «Жай бөлшектердің негізгі қасиеті» тақырыбында ашық сабағы өтілді. Сабақ жоспары оқу мақсатына сәйкес жоспарланған. Ұйымдастыру кезеңінде «Flippity»программасы арқылы білім алушыларды топтарға бөледі. Сабақтың көрнекілік, тапсырмалары презентация слайд арқылы жақсы жасалынған. Білім алушыларға еркін дамуына басымдық бере отырып, оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағытталған «Зымыран сұрақтар», «Кім зерек», «Кестеде болса, есте сақта» белсенді әдістер мен тәсілдер оқу процесінің тиімділігін арттырды. Мұғалім оқушыларға жұптық жұмыс ретінде ұсынған «Тарсия» әдісі арқылы тапсырмада берілген қағаздарды бірдей бірнеше бөліктерге бөліп, олардың белгілі бөлігін, бөліктің мәнін табу арқылы сабақты өмірмен байланыстыра алды. Оқушылардың сабаққа қызығушылығы сабақ барысындағы белсенділігімен көрінді. Оқушылар бірін-бірі», «Бір жұлдыз, бір тілек», «Бағдаршам» әдістерімен бағалап, мұғалім тарапынан дер кезінде кері байланыс беріліп отырды. Сабақ соңында оқушылар «Тик ток» әдісімен сабақтан алған әсерімен бөлісті. Ұлжалғас апайға әріптестер тарапынан жетістіктері мен ұсыныстар айтылып, жұмысына шығармашылық табыстар тіледі. «Жамбыл атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының жылдық жоспарына сәйкес 13.10.2023 жылы 7 «а» сыныбына ағылшын тілі пәні мұғалімі Өмірсерік Арайлым Мәндіханқызы «Free time activities» тақырыбында ашық сабақ өтті. ҚМЖ оқу мақсатына сай түзілген. Сабақта топтық ,жұптық , жеке тапсырмалар орындалды. «Envelope» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралды. «Randomus» веб парақша арқылы оқушылар екі топқа бөлінді: sport,music. Әр тапсырма соңында оқушылар бағаланып отырды. Сабақты » Plus, minus,interesting » әдісі арқылы қорытындылады . Сабаққа еніп,талдау жасаған әкімшілік,пән мұғалімдер жас маман Өмірсерік Арайлым Мәндіханқызына шығармашылық табыс, талап ынтасына алғыс білдірді.