Әлеумет Жаңа кітаптармен толығуда Редактор 14.10.2023 7689 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Кентау қалалық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес Ш.Қанайұлы атындағы №2 мектеп базасында Ә.Молдағұлова атындағы №19 ақпараттық технологиялар мектеп лицейі кітапханашысы Г.Жарылкасынова мен 2 мектеп кітапханашысы П.Сыздыкованың ұйымдастыруымен «Ғажайып кітап» атты екі мектептің 6-7 сынып оқушылары арасында өткізілген топтық сайыста оқушылар өздерінің оқыған әңгімелерінен, ертегілерінен кітап жасап, түсінгендерін айтып, сол кітаптарды насихаттады. Оқушыларға кітап жасатудағы мақсаты — кітап жасау арқылы білім қазынасының неше түрлі ғажайыптарын тануға, өз бетімен кітап құрылымдарын танып білуге, оқу мәдениетін насихаттауға, кітап оқып рухани бай болатынын жеткізу болып табылады. Сайысты білім беру бөлімінің әдіскері Еранзарова Мухаддас ханым ашып берді. Сайыс соңында оқушылар жұмбақтар мен жаңылтпаштар жасырып, өз білімдерін шыңдай түсті. Қаланың барлық мектеп кітапханшылары қатысып өз ойларын жеткізді. Сонымен қатар, бүгінде Кентау қаласындағы мектеп кітапханалары жаңа кітаптармен толығуда. Кентау қалалық білім бөліміне қарасты Ақын-тұма №11 жалпы білім беретін мектеп кітапханасына мемлекет тарапынан жаңа кітаптар берілді. Жаңа келген кітаптар оқырмандар назарына ұсынылуда. Оқырмандар жаңа кітаптармен танысуға асық. с Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Түркістан облысында 100-ге жуық заңсыз қоқыс полигоны жойылды 1 оқу мин Әлеумет Түркістан облысында 100-ге жуық заңсыз қоқыс полигоны жойылды 07.09.2025 7900 Қоғамдық орынды сыйламағаны үшін айыппұл салынды 1 оқу мин Әлеумет Қоғамдық орынды сыйламағаны үшін айыппұл салынды 05.09.2025 9584 Қазақстанда басымдық берілетін спорттың 46 түрі анықталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстанда басымдық берілетін спорттың 46 түрі анықталды 04.09.2025 9793