Әлеумет Ата-аналарға педагогикалық қолдау орталығы құрылды Редактор 14.10.2023 96283 1 оқу мин ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.09.2023 жылғы хатының негізінде Түркістан облысына қарасты Созақ ауданындағы Асқар Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектепте 2023-2024 оқу жылында ата-аналарға педагогикалық қолдау орталығы құрылды. Оның негізгі мақсаты — балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, білім сапасын арттыру, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Мектепішілік ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығына төмендегі кісілер мүшелік ететін болады: Орталық төрайымы — директордың ТІЖО Г.Атабаева Орынбасары — Т.Оңтуғанова Хатшы — С.Төлегенова Мүшелері: ата-аналар комитетінің төрайымы Л.Конкабаева, бастауыш сынып мұғалімі М.Жұмашова, мектептің педагог-психологы Г.Жұмабаева, әлеуметтік педагог Ә.Прінбетова, ата-аналар комитетінің төрайымының орынбасары Ж.Расулбекова. Қолдау орталығы алдағы уақытта бірлесе жұмыс істейтін болады. Соның арқасында оқушылардың білім сапасы да, тәрбие негізі де жақсаратын болады деген сенім бар. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА ӨҢЕШІНЕ ИНЕ ТҰРЫП ҚАЛҒАН 9 АЙЛЫҚ СӘБИГЕ ДӘРІГЕРЛЕР ШҰҒЫЛ КӨМЕК КӨРСЕТТІ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАНДА ӨҢЕШІНЕ ИНЕ ТҰРЫП ҚАЛҒАН 9 АЙЛЫҚ СӘБИГЕ ДӘРІГЕРЛЕР ШҰҒЫЛ КӨМЕК КӨРСЕТТІ 30.04.2026 4608 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «КҮМІС ЖАС» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «КҮМІС ЖАС» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР 30.04.2026 5754 ТҮРКІСТАНДА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАНДА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА 23.04.2026 5800