Әлеумет Оригами — бала қиялын ұштайтын өнер Редактор 14.10.2023 9863 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданындағы О. Кошевой атындағы ШЖЖББМ мекемесінде көркем еңбек пәнінен аудандық семинар барысында, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Марина Муджалали 2 сынып оқушыларымен «Оригами. Менің атам» атты ашық сабағын өткізді. Ашық сабақтың мақсаты — оригами өнерін балаларға түсіндіру арқылы білім сапасын дамыту, оқушылардың ойлауға, ұтқыр шешім қабылдауға дамыту болып табылады. Қағаздың құдіреті — сөзбен ғана емес, оригами өнерімен арта береді» деген зергер Асылжан Қауысбайдың ойын негізге алған ашық сабақта оригами өнерінің қысқаша тарихы туралы кеңінен мәлімет берілді. Қағаздан түрлі пішіндер жасау арқылы баланың қолөнерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған сабақта оқушыларға отбасындағы қадірлі тұлға — ата туралы да кеңінен мәліметтер берілді. Бала қиялын ұштайтын байқау бұдан ары аудандағы А.Пушкин атындағы ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінде «Алтын күз — 2023» 8-10 сыныптар арасында жалғасты. Мақсаты — балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы мен зор байлықтары туралы толық түсіндіру. Әр мезгілдің өз қызығы мен сәні бар екенін ұғындыру. Күз айларының халыққа молшылық алып келетінін, қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Балаларды бір – біріне сыйластықты, ауызбіршілікті болуға шақыру. Өнерге деген қызығушылықтарын ояту және сөз қорларын байыту. «Алтын күз -2023» байқауының әділ-қазылары:Мектеп директоры М.Шаймерденов мектеп кітапханашы Л.Василенко мен мектеп дефектологы Д.Закіртаева болды. Әділқазылардың шешімі әділ болды. Ұйымдастырған: ДТІЖО Қалдыбекова А.И, Жумаева А.К, ПҰ: Дурнева А БАС ЖҮЛДЕНІ 9 «Б» І ОРЫН 10 «А» ІІ ОРЫН 8 «Б» ІІІ ОРЫН 10 «Б» Ең мейірімді жұп- 9 «В» Ең сүйкімді жұп -9 «А» Ең көркем жұп-8 «А» Ең батыл жұп- 8 «Ә» Ең көңілді жұп-8 «Г» Ең талғампаз жұп-10 «Ә» Ең күзгі жұп-8 «В» сыныбы жеңіп алды. Оқушылар аталмыш шараға асқан қызығушылықпен қатысты. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 1 оқу мин Әлеумет Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 18.11.2024 29210 «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 1 оқу мин Әлеумет «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 18.11.2024 27453 «CyberPol» тобы интернет-алаяқтық бойынша 454 істі анықтады 1 оқу мин Әлеумет «CyberPol» тобы интернет-алаяқтық бойынша 454 істі анықтады 15.11.2024 43901