Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданындағы Тұрар Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Мектеп- менің отбасым!» жобасы аясында 9 «А» сынып оқушыларымен физика пәнінен ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақ тақырыбы: «Аспан сферасы, аспан координаталарының жүйесі». Сабақтың кезеңдері: Ұйымдастыру –топқа бөлу «Тақтаны тазарту» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралды. Жаңа тақырып « Ізден тап» әдісі топтық жұмысы «Зерттеушілік» әдісі жұптық жұмыс « Кім жылдам» әдісі арқылы жеке жұмыс. «БББ» әдісі сабақты бекіту Сабақ барысында оқушылар, сабаққа қызығушылықпен қатысты. Оқушылар топтық жұмыс жасап өз ойларын жеткізе алды. Оқушыларды әр тапсырмада бағалаулар жүргізілді. Мұғаліммен оқушылар арасындағы қарым-қатынасты және жетістікке жету үшін бірлескен әрекетті, анық көрсете білді. Жалпы мұндай ашық сабақтар білім сапасын арттыратыны белгілі. Физика пәнінен ашық сабақты өткізген: Қабылбекова Бағила Валиханқызы. Бұдан кейін, Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2023 жылдың 13 қазан күні «Әзіл айтыс», «Ал, қанекей биле» байқауы өз дәрежесінде өтті. Байқаудың мақсаты: оқушыларды салт-дәстүрді сыйлауға, сахна өнеріне баулуға, би өнерінің кең ауқымды дамуына ат салысу, оқушыларды жоба іс-шараларына қатыстыру; Байқау барысында оқушыларды әзіл айтысқа бейімін көрсетіп, көрермендерге керемет көңіл күй сыйлады. Ал биге келетін болсақ, «Бірлік», «На рахате», «Жұлдыз» топтары құрылып заманауи билерді нақышына келтіріп биледі.Әділ қазы мүшелері байқау қорытындысын шығарды. Жоба өз жалғасын табатын болады. Ұйымдастырушылар: мектеп тәлімгері Д.Амирбекова, би үйірме жетекшісі А.Пиртаева